- Басты
- “Нұрлы жол”: Ақтөбе облысының Байғанин ауданында 1,2 млрд теңгеге 5 шақырым жол жөнделеді
“Нұрлы жол”: Ақтөбе облысының Байғанин ауданында 1,2 млрд теңгеге 5 шақырым жол жөнделеді

Оның айтуынша, 2003-2015 жылдар аралығында Ақтөбе облысында халықаралық және республикалық маңызы бар 1894 шақырым жолдың 1053 шақырымы жөндеуден өтті. Аймақ арқылы бір шеті республиканың оңтүстігіне, бір шеті Солтүстік Қазақстан, Ресей облыстары, халықаралық жолдарға шығатын «Батыс Еуропа – Батыс Қытай» трансконтинетальді автомагистраль өтеді.
“Мемлекет басшысы «Нұрлы жол – Болашаққа жол» жолдауында айқындаған мәселелерді жүзеге асыру үшін таяу жылдары республикалық және халықаралық маңызы бар көлік инфрақұрылымын дамыту көзделіп отыр”, - деп атап өтті Асқар Есжанов.
Мәселен, аталған мемлекеттік бағдарлама аясында республикалық маңызы бар «Ақтөбе-Атырау» жолының 456 шақырымы қайта салынады. Оның 319 шақырымы Ақтөбе облысының аумағы арқылы өтеді. Аталған жол аралығындағы құрылыс-монтаждау жұмыстары биыл басталады. Байғанин ауданында 5 шақырым автожол қайта салынады, оған 1,2 млрд. теңге қарастырылды. Құрылыс жұмыстары 2020 жылы аяқталады деп күтілуде.
Облыстағы көлік инфрақұрылымын дамытудың басым жобаларының бірі Астана мен елдің батыс өңірлерін жалғайтын «Орталық - Батыс» жобасы. Қазіргі таңда «Орталық-Батыс» авмтомобиль жолындағы «Астана-Арқалық-Торғай-Ырғыз-Шалқар-Қандыағаш» бағыты құрылысының техникалық-экономикалық негіздемесі әзірленіп жатыр.
Шекара маңындағы жолдарды қалпына келтіруге де ерекше мән беріледі. Мысалы, 2017 жылы «Ақтөбе-Орск» автожолын қайта салу жоспарланып отыр.
“Жергілікті көлік инфрақұрылымын дамытудың басым жобаларының бірі «Ақтөбе қаласындағы оңтүстік айналма» жолын қайта жөндеу. Жоба Ақтөбе қаласын толық айналып өту мүмкіндігін көздейді, «Батыс Еуропа – Батыс Қытай» халықаралық көлік дәлізіне шығатын республикалық маңызы бар «Самара-Шымкент», «Ақтөбе-Атырау-Астрахань» және «Ақтөбе-Орск» жолдарын жалғайды. Жол екі бөлікке бөлінеді, біреуінде құрылыс-монтаждау жұмыстары 2014 басталды, екіншісі бөлігінде «Ақтөбе-Атырау» тас жолынан «Ақтөбе-Орск» тас жолына дейін ЖСҚ әзірленуде. Болашақта аталған жол аралығы Ұлттық қордың қаражаты есебінен жүзеге асыру үшін «ҚазАвтоЖол» ҰК» АҚ Ақтөбе филиалының балансына өтеді, - деді Есжанов.
Басқарма жетекшісі халықаралық көлік дәлізі және республикалық маңызы бар жолдардың қайта құрылысы аймақта көлік потенциалын арттыруға және болашақта Қытайдан Ресей Федерациясы мен Еуропа мемлекеттеріне жүк тасымалдау уақытын 1,5-2 есе қысқартуға мүмкіндік береді.
-
Сайлау-2021: Мәжіліс Төрағасы, «Ақ жол» мен «Адал» партияларының төрағалары дауыс берді
-
Балалар арасында мүгедектік азайту жолдары қаралды
-
Жер қойнауын пайдалану құқығы берілген онлайн аукцион қазынаға 61 млрд теңге әкелді
-
Полиция қызметкері: Жанып жатқан үйге кездейсоқ жолықтық
-
Қазақстандықтарға 334 млрд теңгеден астам қаражат жәрдемақы түрінде берілді
-
ҚР Төтенше жағдай министрі қар құрсауында қалмаудың жолдарын түсіндірді
-
«Қарапайым заттар экономикасы» бағдарламасын қаржыландыру 1 трлн теңгеге дейін ұлғаяды
-
Антикор мен «Әділдік жолы» бірлестігі ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды
-
Л.Рамазанова: Қақтығыстарды бейбіт жолмен шешу процестеріне әйелдерді белсенді тарту қажет
-
Жамбыл облысының дамуы: Фармацевтика, жұмыспен қамту мәселесі және коронавируспен күрес шаралары
-
Қостанай облысының дамуы: экономиалық даму, ауыл шаруашылығы, жолдардың құрылысы, тұрғын үй мәселелері
-
"Ақжол" партиясының депутаттары жастардың бос уақытын тиімді өткізу мәселесін көтерді
-
Маңғыстау облысының дамуы: экономикалық көрсеткіштер, ауыз су мәселесі, туризм әлеуеті
-
Қызылорда облысының дамуы: Ауыл шаруашылығы өнімдерінің экспорты, тұрғын үй, су қоймаларын салу мәселелері
-
Дәрігерлер кеңесі: КВИ-ді асқындырып алмаудың жолдары

