- Басты
- Жаңалықтар
- 2016 жылы Ақтөбе облысында 178 шақырым автомобиль жолдарын жөндеуге 7,1 млрд теңге бөлінеді
2016 жылы Ақтөбе облысында 178 шақырым автомобиль жолдарын жөндеуге 7,1 млрд теңге бөлінеді
Асқар Есжановтың айтуына қарағанда, биыл Ақтөбе облысындағы көлік автомобиль жолдары инфрақұрылымын дамытуға республикалық және облыстық бюджеттен 7,1 млрд. теңге бөлінеді. Айта кету керек, 2015 жылдан бері облыстық, аудандық маңызы бар жолдар мен ауыл аймақтардағы көшелерге күрделі және орташа жөндеу жұмыстарын жүргізуге бөлінетін шығын 1 млрд теңгеге артты. 2016 жылы барлығы халықаралық және республикалық маңызы бар 110 шақырым, жергілікті маңызға ие 68,3 шақырым жол орташа жөндеуден өтеді.
“2015 жылы республикалық және халықаралық маңызы бар 80 шақырым жол орташа жөндеуден өтті, облыстық маңызы бар 13 шақырым жол қайта жөнделді, аудандық маңызы бар 80 шақырым жол орташа жөндеуден өтті. Ұзындығы 34 шақырым болатын 22 қала жолы күрделі жөндеуден өтті. Осы жылы Ақтөбе қаласы мен ауылдық округтарда 20 көше жөнделеді”, - деп хабарлады Асқар Есжанов.
Басқарма басшысының айтуынша, 2016 жылға жоспарланып отырған нақты жобалардың қатарында «Шұбарқұдық-Ойыл-Қобда-Илецк» автожолының (267-307 шақырым) қайта салынған бөлігі қолданысқа беріледі. Сонымен бірге, биыл «Шұбарқұдық-Ойыл-Қобда-Илецк» (304-334 шақырым), «Ақтөбе-Болгарка-Шұбарқұдық» (2-16,5 шақырым), «Хромтау-Бадамша» (17-30 шақырым) бағытындағы жергілікті маңызы бар жолдарды жөндеу жоспарланып отыр. «Ембі-Жем» (0-5 шақырым) автожолына күрделі жөндеу жұмыстары жүргізіледі. Шалқар және Ырғыз аудандарындағы көпірлер мен Ырғыз, Бадамша ауылдарындағы жолдарға ағымдағы жөндеу жұмыстары жүргізіледі.
Бүгінгі таңда Ақтөбе облысындағы қолданыстағы автомобиль жолдарының ұзындығы 6 553 шақырымды құрайды, оның 1894 шақырымы республикалық, 1057 шақырымы облыстық және 3602 шақырымы аудандық маңызға ие.
-
Ұлттық валюта күні: Теңгенің айналымға ену тарихы мен жеткен жетістіктері -
Жылыту маусымы: Өрт қауіпсіздігі қалай қамтамасыз етіледі -
Ақтөбе облысының дамуы: Мемлекет басшысының тапсырмасы қалай жүзеге асып жатыр -
Маңғыстау облысында коронавирустық инфекцияның таралуын болдырмау шаралары -
Жыл басынан бері қазақстандықтарға 2 трлн-тан астам теңгеге зейнетақы төленді -
ҰЭМ: Ұлттық жобаларды жүзеге асыруға 15,9 трлн теңге көзделген -
Ақтөбе және Батыс Қазақстан облыстарындағы коронавирустық инфекцияның таралуын болдырмау шаралары -
Маңғыстауға Қостанай облысынан 32 миллион теңгеге тегін мал азығы әкелінеді -
Тауар нарығындағы теңгерімсіздік, инфляция және мұнай бағасының төмендеуі -
Б.Байжұманов: Алматы облысында коронавирус жұқтырғандар саны азайды -
Мүгедектік және асыраушысынан айырылғандарға 260 млрд теңге жәрдемақы төленді -
Жыл басынан бері қазақстандықтарға 1,7 трлн-тан астам теңгеге зейнетақы төленді -
Жолдау 2021: Мемлекеттік қаржылыны тұрақтандыру және өңірлерді дамыту шаралары -
ІІМ: Жамбыл облысындағы жарылыс және балалардың жолдағы қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселелері -
Алматыда мектептер мен балабақшалардың жаңа оқу жылына дайындық жұмыстары