- Басты
- Жаңалықтар
- ҚР Әуе қорғанысы күштерінің әскери қызметшілері әуе нысаналарын айқындау бойынша жауынгерлік тапсырмаларды пысықтады (ФОТО)
ҚР Әуе қорғанысы күштерінің әскери қызметшілері әуе нысаналарын айқындау бойынша жауынгерлік тапсырмаларды пысықтады (ФОТО)
Есептоптар қосалқы позицияға марш жасады, онда автономды режімде техника өрістетілді, әскери қызметшілер өзінің авиациясын уақтылы анықтау және сүйемеледеу, сондай-ақ қарсыластың әуе барлауының жүргізілуін ұйымдастыру үшін жауапкершілік аймағында жауынгерлік кезекшілікті атқару бойынша тапсырманы орындауға кірісті.
«Оқу-жаттығу барысында бөлімшелер арасында өзара іс-қимылды ұйымдастыру, сондай-ақ қарсыластың әуе нысаналарын анықтау және сүйемелдеу бойынша қойылған тапсырмаларды сәтті орындау үшін жеке құрамға қажетті қасиеттерді бойларына сіңірту мәселелері пысықталды», - деді 25750 әскери бөлімінің әскери қызметшісі майор Тұрсынжан Миталипов.
Практикалық оқу-жаттығуларда әуе нысаналарын анықтау бойынша жауынгерлік тапсырмаларды орындаған әуе шабуылына қарсы қорғаныс әскерлерінің барлық радиотехникалық бөлімшелері тартылды.
«Әрбір командирдің, бастықтың, сержанттың тапсырмасы мен міндеті оқу процесін қамтамасыз ету, жазатайым оқиғаларды және жеке құрамның қаза болуын болдырмай бағыныстылардың даярлық деңгейін арттыру болып табылады. Бірінші, екінші бағыныстыны дайындай отырып, сен тұтастай жауынгерлік қабілетті бөлімше дайындайсың», - деді майор Миталипов.
Әуе шабуылына қарсы қорғаныс әскерлерінің жеке құрамы алдында тұрған басты міндет – ол әуе шекараларын күзету бойынша жауынгерлік кезекшілікті атқару, сондай-ақ Қазақстан Республикасының маңызды мемлекеттік, саяси және экономикалық орталықтарын қорғау екенін айта кетейік.
-
30 жыл: ҚР машина жасау саласы қандай жетістіктерге жетті -
Мүгедектігі бар адамдарды әлеуметтік қорғау бойынша қандай шаралар қолға алынды -
Қай қалалардың әуежайында цифрлы жеке куәлікті қолдануға болады -
Әскери-қорғаныс өнеркәсібінің даму перспективалары -
Тәуелсіздікке 30 жыл: Ұлттық бірлікті нығайтудағы ҚХА рөлі -
Орта Азия елдеріндегі көміртегі бейтараптығына қол жеткізу бойынша бірлескен іс-шаралар -
І жартыжылдықта әлеуметтік төлемдер бойынша 390 мыңға жуық қызмет көрсетілді -
Елордадағы Қорғаныс министрлігінің әскери колледжінде алғашқы оқуға іріктеу аяқталды -
Сенсорлық интеграция бойынша жаттықтырушыларды оқыту басталды -
ҚР-дағы жұмыс күшінің саны 2050 жылға қарай шамамен 11,4 млн адамды құрайды -
Антикор: Қылмыстық істер бойынша 110 лауазымды тұлға ұсталды -
Көмірсутек шикізаты бойынша жер қойнауын пайдалану саласының дамуы -
Қорғаныс министрлігінің әскери оқу орындары оқуға қабылдауды жүргізуде -
Антикор: Жыл басынан бері жемқорлық бойынша 500-ге жуық адам сотталған -
Мүгедектігі бар адамдардың құқығын қорғау бойынша заңнамаға түзетулер енгізілмек