- Басты
- Жаңалықтар
- Астана әкімдігі мен «Даму» қоры кәсібін жаңа бастаған кәсіпкерлерге 2 млрд. теңге бөледі
Астана әкімдігі мен «Даму» қоры кәсібін жаңа бастаған кәсіпкерлерге 2 млрд. теңге бөледі
Меморандум аясында әкімдік пен «Даму» қоры салалық шектеусіз ШОБ саласында стартап-жобаларды қолдау жөніндегі жаңа бағдарламаны жүзеге асыруға 2 млрд. теңге (әрқайсысы 1 млрд. теңгеден) бөледі.Қаржы екінші деңгейлі банктер арқылы берілмек.
Кәсіпкерліктің жоғары әлеуеті кез келген қаланың экономикасының ілгерілеуінің басты факторы болып табылады. Сондықтан Астана қаласы әкімдігі қызметінің басты міндеттерінің бірі бизнесті дамыту мен қолдау болып табылады. Жаңа Меморандумға Астана қаласы әкімдігінің және «Атамекен» Ұлттық Палатасының елордалық шағын және орта бизнесті қаржыландыру туралы алдын ала келісімі аясында қол жеткізілді.
“Қалада кәсіпкерлік ортаны жетілдіру бойынша барлық қажетті жағдайлар жасалып жатыр және мемлекеттік-жеке меншік әріптестік принциптерімен бизнес-климатты жақсарту бойынша тұрақты жұмыстар жүргізілуде. Бүгінгі күні Астананың ЖӨӨ-дағы ШОБ-тың үлесі 61 пайызға жеткен. Бұл республикалық көрсеткіштен үш есеге артық. Астана несиелерді кепілдендіру бойынша республика бойынша бірінші орында, субсидиялау бойынша – екінші орында тұр. Сонымен қатар, кәсіпкерлік секторында салықтар есебінен түсетін түсімдер де оң нәтижесін беруде. Қазіргі кезде жергілікті бюджетке түсетін салықтың 65%-ынелордалық шағын және орта бизнестің үлесінде”, - делінген хабарламада.
ШОБ саласында стартап-жобаларды қолдау идеясын Астана қаласының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы өткізген ІІІ Жыл сайынғы конференциясында елорда басшысы ұсынған болатын. Жаңа бағдарламаға қолданыстағы мемлекеттік бағдарламаларға қатысу үшін қызметі экономиканың басымды салаларының тізіміне енбеген кәсіпкерлер қатыса алады. Несиенің ең көп сомасы –50 млн. теңгеге дейін. Сыйақы мөлшерлемесі – жылдық 7,9%, несие мерзімі – 7 жылға дейін. Жобаларды іріктеуді өңірлік Кәсіпкерлер палатасы жүзеге асырады.
Айта кетейік, қазіргі кезде елордада шағын және орта бизнеске қосымша қолдау көрсету және дамыту мақсатында «Даму» қорымен бірлесіп 29 жасқа дейінгі тұлғалар қатыса алатын жастар кәсіпкерлігін дамыту бағдарламасы мен сауда саласын мақсатты несиелеу бойынша бағдарламалар жүзеге асырылуда. Аталған бағдарламалар бойынша қаржыны игеру 100% құрады, оларды жүзеге асыру жұмыстары одан әрі жалғасады.
-
Қазақстан мен әлемдегі эпидемиологиялық жағдай: «Омикрон» штамы әлемнің 20 мемлекетінен табылды -
ТЖМ: Газ баллондар мен газ жабдықтарын қалай пайдалану керек -
Инвестициялық саясат: ТШИ, саладағы негізгі трендтер мен өңірлердегі инвестиция тарту мәселесі -
ЖИТС және АИТВ: Ауруды алдын-алу мен емдеу шаралары -
Қазақ тілінде дыбысталған тағы бір фильм көрерменге жол тартты -
«Жаңа гуманитарлық білім. Қазақ тіліндегі 100 жаңа оқулық» жобасының жүзеге асуы -
Жергілікті қамтуды дамыту: Инвестиция қоры, қосылған құн салығы мен мұнай-газ саласы -
Президент тапсырмасы: Жаңа жылдан бастап кімдердің жалақысы өседі -
Түркістан облысы: Өңірдегі эпиджағдай, жұмыссыздық мәселесі мен әлеуметтік-экономикалық дамуы -
Ағзадағы темір тапшылығы: Себептері мен салдары -
ТДМ: Климаттың өзгеруі, экологиялық сауатталықты арттыру мен қоқыс тастау мәдениетін қалыптастыру мәселелері -
Ұлттық кеңес: Медицина кадрының жетіспеушілігі, ана мен баланың қауіпсіздігі және білім саласындағы мәселелер -
ДСМ: 1500-ден астам бала мен жүкті әйел коронавирусқа қарсы вакцина алды -
ITEC: Оқу бағдарламасының мүмкіндіктері мен ерекшеліктері -
Ұлттық валюта күні: Теңгенің айналымға ену тарихы мен жеткен жетістіктері