• Басты
  • Жаңалықтар
  • ҚР мен БАӘ Дін істер агенттіктерінің басшылары екі ел арасындағы өзара келісім туралы меморандумға қол қояды - ДІА

ҚР мен БАӘ Дін істер агенттіктерінің басшылары екі ел арасындағы өзара келісім туралы меморандумға қол қояды - ДІА

19 Қараша, 2013 09:10
Кеше Әбу Дәбидегі Қазақстанның Елшісі Қайрат Лама Шәріп БАӘ Ислам мен шариғат істері Бас агенттігі төрағасы доктор Хамдан әл-Мазругимен кездесті, деп хабарлайды ҚР-ның БАӘ-дегі елшілігінің баспасөз қызметі.

«Кездесу барысында алда келе жатқан ҚР-ның Дін істер агенттігі төрағасы М.Әзілхановтың әмірлікке жасайтын сапарына қатысты мәселелер қаралды. Аталмыш сапарда екі ел агенттіктері арасында өзара келісім туралы Меморандумға қол қойылмақ», - делінген хабарламада.

Сонымен қатар, Қайрат Лама Шәріп Кқазақстандық жастарға Ислам діні туралы дұрыс мағлұмат беретін «E-Islam» қазақстандық ғаламтор порталының ашылғанын айтты.

Өз кезегінде Хамдан әл-Мазруги www.awqaf.ae ақпараттық-кеңес беру веб-сайтын құру бойынша тәжірибесімен бөлісті.

Кездесудің соңында қазақстандық дипломат БАӘ Ислам мен шариғат істері Бас агенттігінің төрағасы доктор Хамдан әл-Мазругиге қазақстандық салт-дәстүрлері туралы иллюстрациялық кітапты тарту етті.

 

Барлық жаңалықтар