- Басты
- Жаңалықтар
- Паралимпиадалық ойындардың чемпионы 50 мың долларға ие болады
Паралимпиадалық ойындардың чемпионы 50 мың долларға ие болады
«Спортшыларды ынталандыру мақсатында Үкіметтің қаулысымен чемпиондар мен жүлдегерлерге берілетін ақшалай сыйақының көлемі бекітілді. Бірінші орынға 50 мың доллар, екінші орынға 35 мың доллар, үшінші орынға 25 мың доллар белгіленіп отыр. Осылайша, алтыншы орынға дейін сыйақы беріледі», - дейді Е.Қанағатов.
Бұдан бөлек, паралимпиада ойындарының жеңімпаздарын, сондай-ақ бапкерлерді ай сайынғы төлемақы және баспанамен қамту жағы қарастырылған.
«Заңға сәйкес, паралимпиадалық, сурдлимпиадалық ойындарда чемпион болған спортшылар мен бапкерлерді ай сайынғы материалдық төлемқымен қамтудың нормалары айқындалған, оның көлемі – 24 айлық есептік көрсеткіш. Бұдан бөлек, паралимпиадалық, сурдлимпиадалық ойындардың жеңімпздары мен жүлдегерлеріне баспана берудің нормалары да қарастырылған. Мұндай қолдау тек Олимпиада ойындарының чемпиондары үшін болған еді. Енді жаңа заң арқылы паралимпиадалық ойындарға қатысушыларды да қамтып отырмыз. Енді тек осы көмекті алатын чемпиондар мен жүлдегерлер керек», - дейді Е.Қанағатов.
Айта кетейік, XV жазғы паралимпиада ойындары Бразилияның Рио-де-Жанейро қаласында 7-18 қыркүйек аралығында өтеді. Дүбірлі додада 23 спорт түрінен 528 медаль жиынтығы сарапқа салынбақшы. XV жазғы паралимпиада ойындарына Қазақстан кемінде 10 лицензия жеңіп алу міндетін қойып отыр.
-
95 мыңға жуық адам жұмысынан айырылуына байланысты МӘСҚ-тан төлем алды -
Қай қалалардың әуежайында цифрлы жеке куәлікті қолдануға болады -
ТДМ: Климаттың өзгеруі, экологиялық сауатталықты арттыру мен қоқыс тастау мәдениетін қалыптастыру мәселелері -
Жол картасы аясында 8 мыңнан астам жұмыс орны құрылды -
ДСМ: 1500-ден астам бала мен жүкті әйел коронавирусқа қарсы вакцина алды -
Оқушыларға арналған президенттік олимпиада: Жеңімпаздар қандай сыйлыққа ие болады -
МӘМС үшін төлемді қалай, қайдан жасауға болады -
Отандық ғалымдар медицина саласында сұранысқа ие инновациялық өнім әзірледі -
«Жасыл Қазақстан»: Ауа сапасын жақсарту, биоалуантүрлілікті сақтау және экомәдениетті қалыптастыру -
«Білімді ұлт»: Балаларды мектепке дейінгі тәрбие және біліммен қамту мәселелері -
Бақытжан Мәуленбердиев: Құтқарушы ең алдымен ержүрек әрі батыр болу керек -
Елордада «Ататүрік» саябағы аумағында 350 түп ағаш егілді -
Пациентті қолдау қызметі қалай жұмыс істейді -
Мүгедектігі бар адамдар Әлеуметтік қызметтер порталы арқылы 300 мыңнан астам қызмет алды -
82 мыңнан астам адам жұмысынан айырылуына байланысты МӘСҚ-тан төлем алды