Алматы әкімі қаланың өнеркәсіп орындарын аралады

30 Наурыз, 2016 12:34
Бауыржан Байбек қаланың өнеркәсіп орындарын аралап, жылыту радиаторларын, қосалқы станциялар трансформаторларын, кең спектерлі тренажерлар шығаратын кәсіпорындарда болды, деп хабарлады қала әкімдігінің баспасөз қызметі.

Бұл үш кәсіпорынның барлығы – бизнеске мемлекеттік қолдау көрсететін «Бизнестің жол картасы-2020», «Алматы қаласын индустрияландыру Картасы», «Даму- Өндіріс» Бағдарламаларына қатысушылар.

Қала басшысы алдымен жылыту радиаторларын шығаратын «Склад ОВ» ЖШС-ін аралады. Кәсіпорынның жылдық қуаты 1,2 миллион секция жасау, өнімнің 25-30%-ы елімізде тұтынылады, ал өндіріс орны қазір өнмінің 20% шығаруда. ЖШС-тің 2016 жылғы ақпан айында Алматының Индустрияландыру картасына енуі оның өндірістік қуаттылығын арттыруға ықпал етуде.

Өнім шығаруда еліміздегі алюминиді пайдалану және қазақстандық сипатты арттыру 92%-ды құрайды. ЖШС шығарған өнімдер сапасы жағынан шетелдік тауарлардан кем емес әрі бағасы төмен.

«Қазақстандық компаниялар сапалы өнім шығара алмайды деген қасаң стереотиптерді жою керек. Бұлардың барлығы - заманауи технологиямен жұмыс істейтін қазіргі заманғы өндіріс орындары. Шығарылған әрбір радиатор жаңа жұмыс орнын құрайды», - деді Б.Байбек.

Бұдан соң әкім «Алматы электромеханика зауытында» болды. Зауыт өнімдерін «Алматы жарық компаниясы» ЖШС пен «Электрокабель» ЖШС пайдаланады. Мұнда өнімнің 70%-ы өндіріледі, болашақта АЭА ИТК базасы аясында жекелген компоненттер өндірісі қолға алынып, зауыт қазақстандық сипат көлемін арттырады.

Қала басшысы бұл күні «Алматыэнергосервис» ЖШС- де болды. Кәсіпорын күрделі конструкциялар, энергия жабдықтарын және тренажерлерді шығарады.

Заманауи қондырғылардың арқасында 3D-макеті бойынша түрлі бұйымдар өндіріледі. Атап өтерлік жайт, мұнда кәсіптік- техникалық білім беретін оқуы орындарының студенттері өндірістік тәжірибеден өтуде.

Барлық жаңалықтар