- Басты
- Жаңалықтар
- Қазақстан, Ресей мен Белорусь темір жолдарының басшылары БКЛК моделін дамыту жайын уағдаласты
Қазақстан, Ресей мен Белорусь темір жолдарының басшылары БКЛК моделін дамыту жайын уағдаласты
«Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ баспасөз қызметі хабарлағандай, тараптар 2015 жылғы компанияның атқарған жұмыс қорытындылары мен биылғы жыл басындағы жұмысы және «БКЛК» АҚ даму болашағын қарастырды.
Компания басшылары «БКЛК» АҚ операциялық модулының негізгі тәртіптерін реттеуді, оның ішінде Ресей, Қазақстан Республикасы, Белорусь Республикасы арасындағы темір жол шекарасындағы серіктестік аясын кеңейтудің келісімін жасады.
«БКЛК» АҚ контейнерлік бағдарының негізі болып табылатын Достық/Алтынкөл –Брест және кері қарайғы бағдары мен басқа да қосымша маршруттар тараптардың жобаларының дамуына сәйкес бекітіледі.
Тараптар өздерінің еншілес компаниялары мен қарамағындағы кәсіпорындардың барлығын бірыңғай тариф саясатымен қамту, сондай-ақ еуразиялық аумақтағы нарықтағы жүк тасымалдаушылардың да бірегейлікті ұстануын қолдады.
«БКЛК» АҚ жаңғыртылған операциялық моделі нарықтық жағдайдың талабына орай қызмет құнын төмендету мен сапалық деңгейін көтеру мақсатында жылжымалы құрамдар мен логистикалық компанияларды сырттан тартуға рұқсат береді.
«БКЛК» АҚ біз үшін ықпалдастық алаңы. Тап осындай модель барлығымызға да бастапқыдағы жоспарларымызды тең құқықтық негізде жүзеге асыруға мүмкіндік әпереді. 2015 жылы «БКЛК» АҚ жүк тасымалы көлемі артты. Биылғы жылы одан да өсіре түсуді көздеп отырмыз»,- деп атап өтті «РТЖ» ААҚ президенті.
Ол кездесу барысында қатысушыларға РФ Үкіметінің «БКЛК» АҚ аясындағы атқарылып жатқан жұмыстардан хабардар екендігін, соған орай «РТЖ» АҚ стратегиялық мақсаттағы ауқымды жобамен жұмысын жалғастыруын қолдап отырғандығын жеткізді.
«Жаңа модель контейнерлік тасымалдың дамуына ықпал етеді. Ол арқылы қазіргідей аймақтағы тауар айналымы төмендеп, экспорттық-импорттық тасымалдың азайған тұсындағы, экономикалық жағдайда транзиттік тасымалдаудан қосымша табыс табуға жеткізеді»,- деп атап өтті «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ президенті Асқар Мамин.
Өз кезегінде «Белорусь темір жолының» басшысы Владимир Морозов: «Бүгінгі таңда контейнерлік тасымалдау сегменті бірден бір өсім беріп келе жатқан тұс. БКЛК жобасы біз үшін өте маңызды. Ол біздің темір жол әкімшіліктерімізге транзиттік тасымалдау көлемін арттырып, қосымша жүктерді тартуға да ынталандырады» деп атап өтті.
Үш елдің темір жол компанияларының басшылары «БКЛК» АҚ 2025 жылдарға дейінгі бизнес жоспарын жасақтау мен акционерлік келісімдерді жасауға уағдаласты.
Бүгін сондай-ақ, «БКЛК» АҚ акционерлерінің жалпы жиналысы өткізілді. Онда АҚ-ның бұған дейін бірінші вице-президенті қызметін атқарған Алексей Гром бірауыздан жаңа президент болып сайланды. Сонымен қатар, жаңадан директорлар кеңесі мен компанияның басқарма құрамы жасақталды.
-
Сарапшы: «Қазақстан ұлт болып ұйысудың өзіндік моделін қалыптастырды» -
Қазақстан мен әлемдегі эпидемиологиялық жағдай: «Омикрон» штамы әлемнің 20 мемлекетінен табылды -
Қазақстан сыртқы саясатының 30 жылдық белестері -
ТЖМ: Газ баллондар мен газ жабдықтарын қалай пайдалану керек -
Инвестициялық саясат: ТШИ, саладағы негізгі трендтер мен өңірлердегі инвестиция тарту мәселесі -
ЖИТС және АИТВ: Ауруды алдын-алу мен емдеу шаралары -
Қазақ тілінде дыбысталған тағы бір фильм көрерменге жол тартты -
Асқар Мамин: Қазақстан өз даму жолында сапалы серпіліс жасады -
Жергілікті қамтуды дамыту: Инвестиция қоры, қосылған құн салығы мен мұнай-газ саласы -
ДСМ: Қазақстанда коронавирус жұқтыру 2,4 есеге азайды -
Қазақстанда ревакцинациялау науқаны басталды -
Қай қалалардың әуежайында цифрлы жеке куәлікті қолдануға болады -
Түркістан облысы: Өңірдегі эпиджағдай, жұмыссыздық мәселесі мен әлеуметтік-экономикалық дамуы -
Ағзадағы темір тапшылығы: Себептері мен салдары -
Қазақстанның сыртқы саясаты: Экономикалық дипломатия, геосаяси жағдай, экспорт және инвестиция