Сауд Арабиясындағы ҚР-ның Елшісі Б. Тасымов қызметінен босатылды

19 Қараша, 2013 09:23
Мемлекет Басшысының Жарлығымен Бахтияр Сардарбекұлы Тасымов Сауд Арабиясндағы ҚР-ның Елшісі қызметінен босатылды, деп Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.

«Мемлекет Басшысының Жарлығымен Бахтияр Сардарбекұлы Тасымов Қазақстан Республикасының Сауд Арабиясы Корольдігіндегі Төтенше және Өкілетті Елшісі қызметінен, Қазақстан Республикасының Кувейт Мемлекетіндегі, Бахрейн Корольдігіндегі Төтенше және Өкілетті Елшісі міндетін қоса атқарушы қызметінен босатылды», - делінген хабарламада.
 
 

Барлық жаңалықтар