- Басты
- Жаңалықтар
- ҚР Ішкі істер органдарындағы заңдылықтың сақталуы ведомствоның Қоғамдық кеңесінде қаралды
ҚР Ішкі істер органдарындағы заңдылықтың сақталуы ведомствоның Қоғамдық кеңесінде қаралды
Сонымен қатар, министрлік қызметін ұйымдастыруды жетілдіру сұрақтары, яғни полиция жұмысының ашықтығын қамтамасыз ету, ішкі істер органдары қызметкерлерінің қызметтік этика нормаларын сақтауы бойынша мәселелер қарастырылды.
Отырыста қоғамдық маңызы бар міндеттерді атқару барысында ішкі істер органдарының кеңес мүшелерінің белсенді ат салысуына қарамастан полицияға қоғамның көмегі әрдайым қажет екендігі атап өтілді.
Бұл полиция қызметіне деген объективті қоғамдық көзқарасты қалыптастыру, ІІО қызметінің беделін көтеру, жол жүрісі қауіпсіздігі, заңсыз есірткі айналымына және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес сынды сұрақтар.
Отырыс барысында Кеңес мүшелерінің жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарастыру жұмыстары да қаралды. ІІМ-нің ведомстволық веб-порталының басты бетінде «Қоғамдық кеңес» айдары бар, онда азаматтардың өтініштерін қарау тәртібі толық жазылған.
Қоғамдық кеңес мүшелері айына екі рет азаматтардың жеке қабылдауын жүргізеді. Қоғамдық кеңеске ведомстволық веб-портал арқылы, немесе «Электронды үкімет» порталы арқылы өтініш қалдыруға болады. Сондай-ақ ІІМ ғимаратының фойесінде Қоғамдық кеңеске өтініш беру үшін арнайы жәшіктер орнатылған.
Өңірлерде әкімдіктер жанындағы жергілікті қоғамдық кеңестер, сонымен қатар азаматтардың өтінішін қарастыруға өкілетті ІІД жанындағы кеңес беру органдары жұмыс істейді. ІІМ Қоғамдық қызметі туралы барлық қажетті ақпарат веб-порталдың тиісті бөлігінде орналастырылған.
Отырыстың нәтижесі бойынша ішкі істер органдары қызметінің ашықтығын, қоғамдық мониторигті және оның нәтижелерін іске асыруға негізделген есеп берулерді қоғамдық тыңдауды қамтамасыз ету бойынша нақты іс-шаралар қабылдау ұсынылды.
-
30 жыл: ҚР машина жасау саласы қандай жетістіктерге жетті -
«Startup Bolashaq» бизнес-жобалар байқауы: Жобаға қандай өзгерістер енгізілді -
Тоқаев: Өңірлердегі ішкі саясат басқармасының жұмысын жандандыру қажет -
Жануарларды қорғау: Заң жобасындағы өзгерістер мен жануарларды ұстау кезіндегі қойылатын талаптар -
Қоғамдық кеңестердің қызметі, заңға енгізілген өзгерістер мен Kazkenes.kz порталының жұмысы -
Зейнетақы жүйесіне қандай өзгерістер енгізілмек -
Президент жолдауынан басталған игі істер -
Азаматтарды әлеуметтік қорғау: Заң жобасына енгізілген өзгерістер мен оның мүмкіндіктері -
Жолдау-2021: Ғылым саласындағы негізгі өзгерістер -
Өнеркәсіптік қауіпсіздік талаптарының сақталуына текеру жүргізілді -
ҚР-дағы жұмыс күшінің саны 2050 жылға қарай шамамен 11,4 млн адамды құрайды -
Антикор: Қылмыстық істер бойынша 110 лауазымды тұлға ұсталды -
Электронды коммерция: өңірлік және ішкі дамуды ынталандыру -
COVID-19: Германия екпе алмағандарға шектеу шарасын енгізбек, ал Италия қоғамдық орындардағы шараларды күшейтпек -
30 жыл: «Қайырымды істер марафоны» аясында қандай іс-шаралар атқарылып жатыр