- Басты
- Жаңалықтар
- «Алтай» әйелдер волейбол клубы Қазақстан чемпионы атанды
«Алтай» әйелдер волейбол клубы Қазақстан чемпионы атанды
Кеше Өскемен қаласының Жекпе-жек сарайында волейболдан ұлттық лигадағы әйелдер командалары арасында Қазақстанның кезекті чемпионатының соңғы финалдық ойын өтіп, жеңімпаз командалар мен біріншілік жүлдегерлеріне кубоктар мен медальдар табысталды.
Елдің бірнеше дүркін чепионы талдықорғандық «Жетісу» командасын жеңген «Алтай» клубы чемпион атанды.
Шығыс Қазақстан облысының әкімі Даниал Ахметов «Алтай» клубының ойыншыларына және жаттықтырушылар құрамына иволейболдан ұлттық лига жеңімпазының Кубогі мен алтын медальдарын табыс етті. Сонымен қатар, жеңімпаздар ШҚО әкімдігінен құны 5 млн. теңгенің сертификатын алды.
Бұдан бөлек «Алтай» командасының үш ойыншысы ҚР Волейбол Федерациясының арнайы сыйлықтарына ие болды.
«Ойын барысында біз жаңадан әдіс-айлалар қолданып, команда мүшелерін әр матч сайын ауыстырып отырдық. Клуб тарихындағы бұл жоғары жетістік болғандықтан, жеңістің орны ерекше. Енді алда үш ай мерзім дайындалып, Филиппинде өтетін чемпионатта ел намысын қорғайтын боламыз. Айта кетсем, волейболдың дамуына Шығыс Қазақстан облысының әкімдігі көптеп көңіл бөлуде», – деді «Алтай» волейбол клубы әйелдер командасының жаттықтырушысы Жанболат Бурхан.
«Алтай» волейбол клубы ағымдағы жылдың қыркүйек айының 3-13 жұлдыздары аралығында клубтық командалар арасында Филиппинде өтетін Азия чемпионатында Қазақстанның намысын қорғайтын болады.
Айта кетсек, жуырда «Алтай» ерлер командасы ҚР Чемпионатын жеңіп алып, Мяньнмада өтетін Азияның клубтық чемпионатына жолдама алған болатын.
-
Сарапшы: «Қазақстан ұлт болып ұйысудың өзіндік моделін қалыптастырды» -
Қазақстан мен әлемдегі эпидемиологиялық жағдай: «Омикрон» штамы әлемнің 20 мемлекетінен табылды -
Қазақстан сыртқы саясатының 30 жылдық белестері -
Асқар Мамин: Қазақстан өз даму жолында сапалы серпіліс жасады -
ДСМ: Қазақстанда коронавирус жұқтыру 2,4 есеге азайды -
Қазақстанда ревакцинациялау науқаны басталды -
Қазақстанның сыртқы саясаты: Экономикалық дипломатия, геосаяси жағдай, экспорт және инвестиция -
АШМ: Қазақстанда дәнді және дәнді-бұршақты дақылдарды жинау аяқталды -
Қазақстанда Pfizer вакцинасымен кімдер егіледі, қайда және қалай жүзеге асады -
Қазақстанға Pfizer вакцинасының алғашқы партиясы жеткізілді -
Ауыл әйелдерінің форумы: Әйел кәсіпкерлерді қолдау шаралары және грант алған жобалар -
Сарапшылар: «Қазақстан студенттер альянсы» дайындаған рейтингтер сапасыз» -
COVID-19: Министр Қазақстандағы эпидемиологиялық жағдайға жаңа болжам айтты -
«Болашақ бүгіннің өзінде»: Қазақстанда Нобель фестивалі өтеді -
«Жасыл Қазақстан»: Ауа сапасын жақсарту, биоалуантүрлілікті сақтау және экомәдениетті қалыптастыру