Шалқар ауданында темір рудаларын өңдейтін кешен салынады

29 Наурыз, 2016 14:49
Шалқар ауданында темір рудаларын өңдейтін кешен салынады. Бұл туралы «Ақтөбе ақпарат» орталығында өткен баспасөз конференциясында Шалқар ауданының әкімі Ербол Данағұлов хабарлады.

Шалқар ауданында темір рудаларын өңдейтін тау-металлургиялық кешен құрылысы басталады. Кішіқұм ауылдық округінде жүзеге асырылатын жоба Мемлекеттік индустриалдық инновациялық даму бағдарламасына еніп отыр. «AktobeSteelProduction» ЖШС геологиялық барлау жұмыстарына кірісіп кетті.

“Жобаны жүзеге асыру мерзімі 4 жыл. 2015 жылы жалпы құны 350 млн теңге болатын геологиялық барлау және кен пайдалану жұмыстарын бастап кетті, технологиялық процеске 150 млн теңге бөлінеді. Жобаның жалпы құны 30 млрд теңге”, - деп атап өтті Ербол Данағұлов.

Кәсіпорын жылына 8 млн тонна концентрат өндіреді. Темір рудаларын өңдеу жөніндегі кешен құрылысы барысында 353 жұмыс орны, қолданысқа берілген соң мыңға жуық жұмыс орны ашылады деп күтілуде.

Барлық жаңалықтар