- Басты
- Жаңалықтар
- Қазақстанда менингококк инфекциясымен сырқаттану 4,7 есеге азайды
Қазақстанда менингококк инфекциясымен сырқаттану 4,7 есеге азайды
“Менингококк инфекциясы – бас миының қабықшасының қабынуымен қатар жүретін жіті жұқпалы ауру. Менингококк инфекциясының клиникалық белгілері: жіті назофарингит, іріңді менингит және менингококцемия. Инфекция ауа тамшылы жолдармен (жөтелгенде, түшкіргенде, сөйлескенде) жұғады. Аурудың тасымалдаушысы сырқаттанған адам немесе инфекция тасымалдаушы болып табылады. Менингококкты назофарингитпен сырқаттанған адамдар аса қауіпті, себебі, олар қоршаған ортаға қарқынды түрде бактерия таратады. Кенеттен болатын менингококцемиядан болатын өлім қаупі өте жоғары”, - делінген хабарламада.
Менингококк инфекциясының инкубациялық кезеңі 2 күннен 20 кунге созылады, көбінесе 2-4 күн аралығында. Негізгі клиникалық белгілері: дене қызуының бірден 39°С-қа дейін және одан да жоғары көтерілуі, бастың қатты ауруы, лоқсусыз құсу, геморрагендік бөртпелер, желке бұлшықеттерінің тырысуы, тыныс алудың бұзылуы, тежелу мен естің шатасуы.
Менингококк инфекциясын жұқтырғанда балалар мен ересектер үшін ең қатерлі асқыну түрі – бактериалды менингит болып табылады. Иммундық жүйесі қалыптаспаған балалар ересектерге қарағанда 20 есе көп ауырады. Уақытылы медициналық көмекке жүгінбегенде, өлім жағдайы 50%-дан жоғары болады.
Менингококк инфекциясының кенеттен болатынын және аурудың ауырлығын ескере отырып, оның алғашқы белгілері пайда болғанда дәрігерге қаралу керек. Бұл қатерлі асқынудың алдын алып, тіпті, адам өмірін сақтауы мүмкін.
-
ДСМ: Қазақстанда коронавирус жұқтыру 2,4 есеге азайды -
Қазақстанда ревакцинациялау науқаны басталды -
АШМ: Қазақстанда дәнді және дәнді-бұршақты дақылдарды жинау аяқталды -
Қазақстанда Pfizer вакцинасымен кімдер егіледі, қайда және қалай жүзеге асады -
ДСМ: Соңғы екі аптада елдегі сырқаттану деңгейі 11%-ға төмендеді -
COVID-19: Министр Қазақстандағы эпидемиологиялық жағдайға жаңа болжам айтты -
«Болашақ бүгіннің өзінде»: Қазақстанда Нобель фестивалі өтеді -
Елімізде кедейлік деңгейі 9 есеге жуық төмендеді -
Қазақстанда цифрлық трансформация көшбасшыларын даярлау жоспарлануда -
Қазақстанда дизель отынының бағасы неге күрт өсті -
Қазақстанда мүгедектігі бар адамдар қандай әлеуметтік көмек алады -
ДСМ: Күнделікті коронавирус жұқтыру көрсеткіші 2 есеге төмендеді -
COVID-19: Қазақстанда 8 млн-ға жуық азамат вакцина салдырды -
ДСМ: Соңғы екі аптада еліміздегі сырқаттану деңгейі 36%-ға төмендеді -
Қазақстанда дизель отынының бағасы қанша