- Басты
- Жаңалықтар
- Жыл басынан бері 100-ге жуық қазақстандық әскери есепке қабылданды
Жыл басынан бері 100-ге жуық қазақстандық әскери есепке қабылданды
2016 жылғы қаңтар мен наурыз аралығында Қазақстан бойынша шақыру учаскелеріне 1999 жылы туылған 100-ге жуық азамат тіркелді. Тіркеу бозбалаларды әскери есепке алу, олардың санын, әскери қызметке жарамдылық дәрежесін, білім деңгейін, алған мамандығын және дене даярлығын айқындау үшін өткізіледі.
Балалар үйінің тәрбиеленушілеріне, жетім балаларға арналған мектеп-интернаттарының шәкірттеріне, сондай-ақ көп балалы және аз қамтылған отбасылардың балаларына, әсіресе, Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің Кадет корпусына ерекше назар аударылды.
Қазіргі уақытта Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің әскери оқу орындарына түсуге 2 000-дай адам ниет білдіріп отыр. Азаматтарды медициналық куәландырудан өткізу үшін жергілікті атқару органдарының шешімі бойынша медициналық комиссиялар құрылғанын айта кетейік. Сондай-ақ қорғаныс істері жөніндегі басқармалар мен бөлімдер азаматтарды шақыру учаскесіне тіркеу процесінде ем алуға (медициналық бақылауға) мұқтаж шақырылушыларды айқындап, емдеу-алдын алу ұйымдарына, денсаулық жағдайы және өзге де мәліметтер бойынша жарамдыларды Қорғаныс министрлігінің мамандандырылған ұйымдарына және оқуға түсуге ниет білдіргендерді әскери оқу орындарына тіркеді.
Әскери есепке алғаш рет тұрған қазақстандықтармен Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің жоғары әскери оқу орындарына түсу бойынша жұмыс жүргізілді. Келесі кезең ағымдағы жылдың 1 сәуірінде Қазақстанда бастау алатын шақыру науқаны болып табылатынын естеріңізге сала кетейік.
-
30 жыл: ҚР машина жасау саласы қандай жетістіктерге жетті -
Қазақстан сыртқы саясатының 30 жылдық белестері -
95 мыңға жуық адам жұмысынан айырылуына байланысты МӘСҚ-тан төлем алды -
Президент тапсырмасы: Жаңа жылдан бастап кімдердің жалақысы өседі -
Astana Hub: IT-стартаптарды дамыту, оқыту және қаржыландыру -
ЖОО-ларды қаржыландыру, академиялық адалдық саясаты және оқытушылар жалақысы -
Жалға берілетін тұрғын үй: Алматылық жастар үшін талаптары қандай -
30 жыл: Жаһандық бастамалардың халықаралық қауіпсіздікке қосқан үлесі -
Жылыту маусымы: Өрт қауіпсіздігі қалай қамтамасыз етіледі -
Әскери-қорғаныс өнеркәсібінің даму перспективалары -
«Жусан» операциясы, терроризмді қаржыландыруға қарсы күрес шаралары және күзет қызметіне қойылатын талаптар -
30 қазақстандық компания «Жасыл кеңсе» конкурсының жеңімпазы атанды -
Елімізде кедейлік деңгейі 9 есеге жуық төмендеді -
Халықты әлеуметтік қорғаудың қазақстандық моделі -
Ж.Жабаевтың 175 жылдығы аясында жарық көрген 10 томдық жинақтың тұсауы кесілді