- Басты
- Жаңалықтар
- Бірыңғай байланыс орталығы күніне 10 мыңнан 15 мыңға дейін қоңырау қабылдайды
Бірыңғай байланыс орталығы күніне 10 мыңнан 15 мыңға дейін қоңырау қабылдайды
Азаматтар көбінесе Ішкі істер министрлігі (18,9% қоңырау), Әділет министрлігі (17,7%), Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігі (14,5%), Инвестициялар мен даму министрлігі (14,1%) мен Білім және ғылым министрлігі (11,2%) сияқты мемлекеттік органдардың қызметтерін жиі алады.
Осылайша, мысалы 2015 жылы хабарласқандардың 200 мыңнан астамы төлқұжат немесе жеке куәлікті алу мәселелері бойынша сауал қойды, 130 мыңға жуық қоңырау зейнетақы төлемдері жайында түсті, басқа 130 мыңға жуық қоңырау тұрғылықты жер бойынша тіркелу жайында түсті.
Ең жиі қойылатын сауалдардың ішінде жүргізуші куәлігін беру - 95 мыңнан астам, бала тууға және оны күту бойынша жәрдемақыны тағайындау – 80 мыңнан астам, жеке тұлғаны мемлекеттік тіркеу – 80 мыңға жуық.
«Қазіргі таңда азаматтардың көбі мемлекеттік қызметтерді онлайн түрде алады, сондықтан біз электрондық цифрлық қолтаңбаны (ЭЦҚ) қалай, қай жерде алуға болатыны туралы көп сұрақ қабылдаймыз. Өткен жылы біз ЭЦҚ туралы 320 мыңнан астам сауалға жауап бердік» - деп «Ұлттық ақпараттық технологиялар» АҚ ББО әдістеме бөлімінің бастығы Ақмарал Ерғалиева хабарлайды.
Естеріңізге салсақ, 1414 бірыңғай байланыс орталығы 2013 жылы «Ұлттық ақпараттық технологиялар» АҚ call-орталығы негізінде құрылды. Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылдың 18 қыркүйегіндегі № 983 «Мемлекеттік қызметтер реестрін бекіту туралы» қаулысына сәйкес 694 мемлекеттік қызмет бойынша кеңес береді. 2016 жылдың соңына дейін бұл тізімді тағы 45 қызметке ұзарту жоспарланған.
-
Тұңғыш президент күні: Елбасының 10 басты шешімі -
ІІМ: Учаскелік инспектордың рөлі, құзыреті және халықпен кері байланыс -
95 мыңға жуық адам жұмысынан айырылуына байланысты МӘСҚ-тан төлем алды -
«Жаңа гуманитарлық білім. Қазақ тіліндегі 100 жаңа оқулық» жобасының жүзеге асуы -
Елордада Al-Farabi Knowledge Centre атты білім орталығы ашылды -
Жол картасы аясында 8 мыңнан астам жұмыс орны құрылды -
ДСМ: 1500-ден астам бала мен жүкті әйел коронавирусқа қарсы вакцина алды -
«Білімді ұлт»: Балаларды мектепке дейінгі тәрбие және біліммен қамту мәселелері -
ӘМАТТ: Сауда үстемесін 15%-дан асырғандар қанша айыппұл төлейді -
Ж.Жабаевтың 175 жылдығы аясында жарық көрген 10 томдық жинақтың тұсауы кесілді -
ҰЭМ: Ұлттық жобаларды жүзеге асыруға 15,9 трлн теңге көзделген -
Мүгедектігі бар адамдар Әлеуметтік қызметтер порталы арқылы 300 мыңнан астам қызмет алды -
Адам саудасымен байланысты қылмыстардың алдын алу шаралары -
COVID-19: Сингапурде антиковидтік шаралар күшейтілді, ал Ұлыбританияда коронавирустық жағдайлар 15%-ға артқан -
82 мыңнан астам адам жұмысынан айырылуына байланысты МӘСҚ-тан төлем алды