- Басты
- Жаңалықтар
- Қ,Мәми: Қазақстан Сингапурмен сот қызметінде ақпараттық технологияларды қолдану бойынша тәжірибе алмасуға мүдделі
Қ,Мәми: Қазақстан Сингапурмен сот қызметінде ақпараттық технологияларды қолдану бойынша тәжірибе алмасуға мүдделі
Кездесу барысында Қазақстан мен Сингапур арасындағы ынтымақтастықтың негізгі бағыттары мемлекеттік қызмет, электронды үкімет, білім беру, бюджеттік жоспарлау, шағын және орта кәсіпкерлікті дамыту секілді салалардың кең ауқымын қамтитындығы аталып өтілді.
«Сингапур сот қызметінде ақпараттық технологияларды қолдануда көшбасшы ел болып табылады. Осыған байланысты біз сот ісін жүргізуде ақпараттық технологияларды қолдану мәселелері бойынша сіздердің тәжірибелеріңізбен алмасуға мүдделіміз. Дүниежүзілік банк жобасы шеңберінде біздің делегацияның Сингапурға іссапары пысықталуда», - деді Қ.Мәми.
Кездесу аясында сұхбаттасушылар екі елдің сот жүйесін дамыту туралы өзекті ақпаратпен алмасты. Қ.Мәми Елшіні Қазақстан Республикасының Президенті Н.Назарбаевтың бастамасымен жүзеге асырылып жатқан «100 нақты қадам – баршаға арналған қазіргі заманғы мемлекет» атты Ұлт Жоспары шеңберінде сот жүйесін реформалау барысы туралы хабардар етті. Атап айтқанда, Жоғарғы Сотта ірі инвесторлардың қатысуымен инвестициялық дауларды қарайтын мамандандырылған алқаның, Халықаралық кеңестің құрылуы, сот жұмысында ақпараттық технологияны қолдану аясын кеңейту және т.б. мәселелер.
Кездесуді қорытындылай келе, тараптар сот төрелігін жүзеге асыру саласындағы бірлескен іс-қимылды кеңейтуге мүдделік танытты.
-
Сарапшы: «Қазақстан ұлт болып ұйысудың өзіндік моделін қалыптастырды» -
Қазақстан мен әлемдегі эпидемиологиялық жағдай: «Омикрон» штамы әлемнің 20 мемлекетінен табылды -
Қазақстан сыртқы саясатының 30 жылдық белестері -
Асқар Мамин: Қазақстан өз даму жолында сапалы серпіліс жасады -
Мүгедектігі бар адамдарды әлеуметтік қорғау бойынша қандай шаралар қолға алынды -
ДСМ: Қазақстанда коронавирус жұқтыру 2,4 есеге азайды -
Қазақстанда ревакцинациялау науқаны басталды -
Қай қалалардың әуежайында цифрлы жеке куәлікті қолдануға болады -
Қазақстанның сыртқы саясаты: Экономикалық дипломатия, геосаяси жағдай, экспорт және инвестиция -
АШМ: Қазақстанда дәнді және дәнді-бұршақты дақылдарды жинау аяқталды -
Қазақстанда Pfizer вакцинасымен кімдер егіледі, қайда және қалай жүзеге асады -
Қазақстанға Pfizer вакцинасының алғашқы партиясы жеткізілді -
Заңгер-студенттер халықаралық байқауда сот отырысын жеңді -
Сарапшылар: «Қазақстан студенттер альянсы» дайындаған рейтингтер сапасыз» -
COVID-19: Министр Қазақстандағы эпидемиологиялық жағдайға жаңа болжам айтты