- Басты
- Жаңалықтар
- БЖК-2020: Астана кәсіпкерлерін қолдауға 102 млрд. теңгеден астам қаржы бөлінген
БЖК-2020: Астана кәсіпкерлерін қолдауға 102 млрд. теңгеден астам қаржы бөлінген
««Даму» Қоры 5 жылдан бері «Бизнестің жол картасы - 2020» бағдарламасының қаржылық агенттігі ретінде қызмет атқарып келеді. Осындай қолдаудың бір бағыты Астанада кәсіпті жаңа бастаушылар мен кәсібін жүргізіп отырған кәсіпкерлерге пайыздық ставкасы 16%-дан аспайтын несие субсидияланады. Экономиканың басым секторына үлес қоса алатындай жобасын Астанада жүзеге асыратын кәсіпкер мемлекеттік қолдау арқылы 7%-қ субсидиямен несие алу мүмкіндігіне ие болады»,-деді И.Қайырбеков.
Филиал директорының айтуынша, кәсіпкердің жобасы шағын және моноқалаларда немесе ауылда іске асатындай болса, субсидия ставкасы 10%-ды құрайтын болады.
«Сонымен қатар, кәсіпкердің банкке қоятын мүліктік кепілдемесі жетпейтін болса, «Даму» Қорының кепілдігін қолдана алады. Жас және кәсіпті жаңа бастаушы кәсіпкерлер үшін «Даму» Қоры несие сомасының 85%-на кепілдік беруге дайын. Бұл жағдайда алынатын несие 20 млн. теңгеден аспауы керек. Ал, кәсібін бұрынна жүргізіп келе жатқан кәсіпкерлер үшін несие сомасының 50%-на кепілдік беріледі. Бұл ора йда несие көлемі 360 млн. теңгеден аспауы қажет», деп түсіндірді И.Қайырбеков.
«Даму» Қорының мәліметінше, осы жылдың 28-ші наурызындағы жағдай бойынша Астанада құны 102,1 млрд. теңге болатын 479 кәсіпкерлер жобасы мақұлданған.
Ботагоз Айтжанова
-
Astana Hub: IT-стартаптарды дамыту, оқыту және қаржыландыру -
Жол картасы аясында 8 мыңнан астам жұмыс орны құрылды -
ЖОО-ларды қаржыландыру, академиялық адалдық саясаты және оқытушылар жалақысы -
ДСМ: 1500-ден астам бала мен жүкті әйел коронавирусқа қарсы вакцина алды -
30 жыл: Жаһандық бастамалардың халықаралық қауіпсіздікке қосқан үлесі -
«Жусан» операциясы, терроризмді қаржыландыруға қарсы күрес шаралары және күзет қызметіне қойылатын талаптар -
Жыл басынан бері қазақстандықтарға 2 трлн-тан астам теңгеге зейнетақы төленді -
Мүгедектігі бар адамдар Әлеуметтік қызметтер порталы арқылы 300 мыңнан астам қызмет алды -
82 мыңнан астам адам жұмысынан айырылуына байланысты МӘСҚ-тан төлем алды -
«Еңбек» мемлекеттік бағдарламасына 451 мыңнан астам адам қатысты -
COVID: Қытайда «дельта» штамын жұқтырғандар саны артты, Үндістанда күніне 200-ден астам адам көз жұмуда -
Мүгедектік және асыраушысынан айырылғандарға 260 млрд теңге жәрдемақы төленді -
Жыл басынан бері қазақстандықтарға 1,7 трлн-тан астам теңгеге зейнетақы төленді -
COVID-19: АҚШ-та бір аптада млн-нан астам адам коронавирус жұқтырды, Болгарияда шектеу шаралары енгізілді -
Жолдау 2021: Мемлекеттік қаржылыны тұрақтандыру және өңірлерді дамыту шаралары