- Басты
- Жаңалықтар
- Ұлттық банк төрағасы Н.Назарбаевқа елдің қаржы нарығындағы ахуал туралы баяндады
Ұлттық банк төрағасы Н.Назарбаевқа елдің қаржы нарығындағы ахуал туралы баяндады
Кездесу барысында Д.Ақышев Мемлекет басшысына Ұлттық банктің қазіргі қызметі, сондай-ақ елдің қаржы нарығындағы ахуал туралы баяндады.
Қазақстан Президенті қаражатты қазіргі уақытта ұлттық валютамен сақтау халық үшін тиімді екенін айтты.
«Теңге бойынша пайыздық мөлшерлеме жоғары, ал шетел валютасындағы салымдарда ол әлдеқайда төмен. Еліміздегі барлық сатып алу, сату операциялары және еңбекақы төлемдері ұлттық валютамен жүзеге асырылады. Негізгі тауарлардың бағасы тұрақты. Сондықтан қаражатты теңгемен сақтау барлық жағынан тиімді. Халықтың ұлттық валютаға көбірек ден қойғаны маңызды», – деді Нұрсұлтан Назарбаев.
Д.Ақышев наурыз айында валюта нарығындағы ахуал тұрақталғанын атап өтті.
«Мұнай бағасы, сауда серіктестеріміз болып саналатын елдердегі валюта бағамы сияқты пәрменді сыртқы ықпалдар тұрақталды. Осындай жағдайда биылғы ақпан айынан бері теңге нығая бастады, бұл үдеріс осы айда жалғасты. Біз ұлттық валюта бағамындағы ауытқу айтарлықтай төмендегенін және оның 1,6%-ға нығайғанын байқап отырмыз», – деді Ұлттық банк төрағасы.
Сонымен қатар Д.Ақышев салымдарды долларсыздандыру үрдісі басталғанын айтты.
«Ел тұрғындары мен кәсіпорындар ұлттық валютадағы салымдарын біртіндеп көбейте бастады. Осы айда бұл үрдіс күрт жеделдеді», – деді Ұлттық банк төрағасы.
Мемлекет басшысы кездесу қорытындысы бойынша бірқатар нақты тапсырма берді.
-
Astana Hub: IT-стартаптарды дамыту, оқыту және қаржыландыру -
Ұлттық кеңес: Медицина кадрының жетіспеушілігі, ана мен баланың қауіпсіздігі және білім саласындағы мәселелер -
ЖОО-ларды қаржыландыру, академиялық адалдық саясаты және оқытушылар жалақысы -
Ұлттық валюта күні: Теңгенің айналымға ену тарихы мен жеткен жетістіктері -
Тұрақты экономикалық даму үшін қандай ұлттық жобалар жүзеге асады -
Ұлттық табиғи парктердегі құқық бұзушылық, маман тапшылығы және даму тұжырымдамасы -
«Жусан» операциясы, терроризмді қаржыландыруға қарсы күрес шаралары және күзет қызметіне қойылатын талаптар -
«Ұлттық рухани жаңғыру» жобасы: бағыты, мақсаты мен міндеттері -
АШМ: Ұлттық жобаның негізгі міндеттері мен импортты алмастыру мәселелері -
ҰЭМ: Ұлттық жобаларды жүзеге асыруға 15,9 трлн теңге көзделген -
Тәуелсіздікке 30 жыл: Ұлттық бірлікті нығайтудағы ҚХА рөлі -
Тоқаев COVID-19-дан кейінгі қалыпқа келу, климат дағдарысы және Ауғанстандағы гуманитарлық жағдай туралы -
ІІМ: Терроризм актілері туралы жалған хабарламаларды ашу және тергеу шаралары -
Тимур Мұратов жолдау, қалалалық денсаулық сақтау саласы және кадр тапшылығын азайту шаралары туралы -
Тауар нарығындағы теңгерімсіздік, инфляция және мұнай бағасының төмендеуі