• Басты
  • Жаңалықтар
  • Б.Ізмұхамбетов Парламент Мәжілісінің алтыншы шақырылымының бірінші сессиядағы алғашқы бюро отырысын өткізді

Б.Ізмұхамбетов Парламент Мәжілісінің алтыншы шақырылымының бірінші сессиядағы алғашқы бюро отырысын өткізді

28 Наурыз, 2016 17:46
Бүгін Мәжіліс Спикері Бақтықожа Ізмұхамбетовтің төрағалығымен Палатаның осы сессиядағы алғашқы Бюро отырысы өтіп, Мәжілістегі саяси партиялардың, атап айтатын болсақ, «Нұр Отан» партиясының, Қазақстанның «Ақ жол» Демократиялық партиясының, Қазақстан Коммунистік Халық партиясының фракциялары ресми тіркеуге алынды.

Мәжілістің баспасөз қызметі хабарлағандай,  Бюрода Мәжіліс Төрағасының орынбасарлары Гүлмира Исимбаева мен Владимир Божко арасында өзара міндеттерді бөлу мәселелері де назардан тыс қалмады.

Сондай-ақ, Палата Бюросының қаулысымен осыған дейін Аппарат Басшысының орынбасары қызметін абыроймен атқарған Жаслан Есенғалиұлы Жүгінісов ҚР Парламенті Мәжілісі Аппаратының Басшысы лауазымына тағайындалды.    

     


 

Барлық жаңалықтар