- Басты
- Жаңалықтар
- Универсиадаға тұрғызылатын инфрақұрылым тұрғындарға қолжетімді болады
Универсиадаға тұрғызылатын инфрақұрылым тұрғындарға қолжетімді болады
Мегаполис басшысы жарысқа дайындық нысандарымен танысты.
«Мемлекет басшысы атап өткендей, Универсиаданы өткізу Қазақстан үшін имиджді жоба әрі үлкен эконмикалық әрі әлеуметтік тиімділік әкеледі. Қазірден бастап жарыстар аяқталған соң салынған нысандарды қалай пайдалану керектігін ойластырған жөн. Бұл ретте бюджетке түсетін күш барынша аз, ал спорт нысандарының барлығы тұрғындар үшін қолжетімді болғаны қажет. Универсиаданы өткізу қаланың дамуына жаңа серпіліс беріп, оның архитектуралық келбетін айшықтандырады,, қонақүйлердегі, мейрамханалардағы, қоғамдық көлік пен спорт нысандарындағы сервис деңгейін жаңа сапаға көтереді. Мұның барлығы кіші және орта бизнесті ынталандырып, қызмет көрсету көлемін ұлғайтып, жаңа жұмыс орындарын құруға кең жол ашады», – деді Б.Байбек.
Атап өтерлік жайт, жоғарыда аталған құрылыс нысандарындағы жұмыстар белгіленген кестеге сай жүруде. Оларды пайдалануға беру 2016 жылдың тамыз айының соңына жоспарланған. Бүгінгі күні әр обьектідегі жұмыс 70% - 80% -ға орындалған. Шара барысында Универсиада-2017 аяқталған соң барлық спорт нысандарының толық әрі белсенді түрде жұмыс істейтіндігі белгілі болды. Мысалы, Атлеттер ауылының барлық нысандары мен 12 000 орынды Мұз сарайы Универсиада аяқталған күннің ертесінде-ақ халық игілігіне қызмет етеді. Мысалы, Атлеттер ауылының «пирамидасына» аудандық ХҚКО орналасады. Спорт және туризм басқармасы жарыстар өткеннен соң бірнеше сағат ішінде бөлмелер қайта жарақтандырылатынын жеткізді.
«Біз бүгін құрылыс қарқынына алаңдамамаймыз.Басшылықты Универсиада аяқталған соң салынған инфрақұрылымдар мен Атлеттер ауылын тиімді пайдалану мәселесі толғандырады. Универсиада барысында және жарыстар аяқталған соң қандай істердің іске асатындығын жария еттік. Универсиада аяқталғаннан кейінгі Олимпиадаға дайындық Орталығының FISU офисін трансформациялауды көрсеттік. Қазірдің өзінде қала спортына өте қажет сауда орталықтары, асхана, SPA, күрес және хореграфия залдары орналасатын алаңдарды көрсеттік. Яғни, қаланың Алатау ауданында болашақта жаңа спорт орталығы пайда болады», - деп атап өтті Алматының Спорт және туризм басқармасының бастығы Наиль Нуров.
Н.Нуров 12000 орынды Мұз аренасының ерекше спорт нысанына айналатындығын, мұнда спорт, мәдени және басқа да шаралардың өтетіндігін жеткізді. Атап өтерлік жайт, 12000 орынды стадионда «Қайрат» мини- футбол командасы спортшыларының, волейбол командаларының (еркектер мен әйелдер), Қазақстан кубогінің жеңімпаздары- баскетболистердің ойын өткізетіндіктері жөнінде шешім қабылданған.
Cонымен қатар, Алатау ауданында жарыстар өткен соң жаңа футбол мен жеңіл атлетикалық стадион салынады. Атлеттер ауылындағы «пирамидада» Универсиаданың бас аккредитациялау орталығы мен негізі ас блогы орналасады. Нәтижесінде 5 мың спортшы асханадан тәулік бойына дәм тататын болады. Универсиад а аяқталған соң мұнда түрлі салтанатты шаралар, конференци ялар өтеді.
Студенттік жарыстардың қорытындысы бойынша Олимпи ада ауылы екі бөлікке бөлінеді. Нысандардың бір бөлігі қалалықтар үшін коммуналды шаруашылыққа өтеді. Тұрғын кешендері болашақта «Қолжетімді баспана» бағдарламасы аясында1,2,3 бөлмелі пәтерлер ретінде берілетін болады.
-
Қай қалалардың әуежайында цифрлы жеке куәлікті қолдануға болады -
Оқушыларға арналған президенттік олимпиада: Жеңімпаздар қандай сыйлыққа ие болады -
МӘМС үшін төлемді қалай, қайдан жасауға болады -
Елорданың дамуы: Қолжетімді баспа мен мектеп құрылысы, тұрғын үй және газбен қамту мәселері -
МӘМС: Пандемия кезінде ақысыз медициналық қызметті қалай алуға болады -
Шетелдегі қазақстандықтар үшін eGov.kz-те 5 жаңа қызмет қолжетімді -
«ECO MEKEN» экологиялық реалити шоу кастингiне қалай қатысуға болады -
Тоқаев: Азаматтарға қолжетімді болу үшін отандық екпе өндірісі ұлғайтылады -
«Ashyq» мобильді қосымшасы: QR-код кімдерге беріледі, оны қайдан, қалай алуға болады -
Тауарларға арналған ілеспе жүкқұжаттар тек электронды түрде болады -
Зейнетақы жинақтарын инвестициялық портфельді басқарушыларға беруге болады -
2021 жылы қазақстандықтар үшін қандай тұрғын үй бағдарламалары қолжетімді -
Жаңа Парламент Тоқаевтың басымдықтарын жүзеге асыратын беделді шақырылым болады деп сенеміз - саясаттанушы -
Зейнеткер және қандас куәліктері енді eGovMobile қосымшасында қолжетімді -
Елордалық жастарға жалға берілетін үйге қалай өтінім беруге болады