- Басты
- Жаңалықтар
- ОҚО-да бірқатар әлеуметтік нысандар ашылды
ОҚО-да бірқатар әлеуметтік нысандар ашылды
Әсіресе, жаңару күнінде ашылған «Құрметті Азаматтар аллеясы» жергілікті жұрттың көңілінен шықты. Көпшілік алдында аудан әкімі Б.Көшербай сөз сөйлеп, есімдері құрмет тақтасына жазылған азаматтардың ауданның өсіп-өркендеуіне үлес қосқан ардақты ағалар мен апаларға деген құрмет екенін, бұл ізеттің әрдайым жалғаса беретінін айтты.
Бұдан кейін көпшілік аудан әкімдігі ғимаратының сол жағындағы «Жастар аллеясына» жиналды. Ұлыстың ұлы күнінде жаңадан ашылған аллеяда жас жұбайларға неке куәліктері салтанатты түрде табысталып, үлкендер жағы ақ баталарын берді.
Бұдан соң наурыз тойы орталық алаңдағы салтанатты шарамен ұласты. Мерекеде көпшілік аудандық Мәдениет үйінің өнерпаздары әзірлеген сахналық қойылым - Көктем аруы және Қыдыр атаның наурыз тілегі мен наурыз батасын тамашалап, наурыз көжеден дәм татты. Аудан өнерпаздары мен Шаян саз мектебінің ұлт-аспаптар оркестрінің ұжымы ұсынған концерттік бағдарлама алаңға жиналған жұртшылықты мерекелік көңіл-күйге бөледі. Ал аудандық балалар мен жасөспірімдер спорт мектебі жылдағы дәстүр бойынша ұлттық ойындар - қазақ күресі, гір тасын көтеру, арқан тарту жарыстарын ұйымдастырып, жеңімпаздарды марапаттады.
Сондай-ақ, мереке күндері аудан орталығы – Шаянда аудандық балалар мен жасөспірімдер спорт кешені бой көтерсе, Ақбастау ауылдық округінің Жолғабас ауылындағы негізгі орта мектептің жанынан жаңа асхана мен спорт залы ашылды. Ал үй кезегінде бірнеше жылдан бері тұрған 14 азаматқа жаңа баспананың кілті табысталып, бәйдібектіктер наурыз тойында бір жасап қалды.
-
Мүгедектігі бар адамдарды әлеуметтік қорғау бойынша қандай шаралар қолға алынды -
Түркістан облысы: Өңірдегі эпиджағдай, жұмыссыздық мәселесі мен әлеуметтік-экономикалық дамуы -
Елордада Al-Farabi Knowledge Centre атты білім орталығы ашылды -
Халықты әлеуметтік қорғаудың қазақстандық моделі -
Қазақстанда мүгедектігі бар адамдар қандай әлеуметтік көмек алады -
Мүгедектігі бар адамдар Әлеуметтік қызметтер порталы арқылы 300 мыңнан астам қызмет алды -
Әлеуметтік жобаға өтінім қабылдау басталды: Мүмкіндіктері мен ерекшеліктері -
Қарттар күні: Зейнеткерлерді әлеуметтік қолдау шаралары -
Үйде арнаулы әлеуметтік қызмет ала алатын қазақстандықтардың тізбесі кеңейтілді -
Азаматтарды әлеуметтік қорғау: Заң жобасына енгізілген өзгерістер мен оның мүмкіндіктері -
Әлеуметтік маңызы бар азық-түліктердің бағасы: Қай өңірлерде қымбаттады -
Елордада Жеңіс Нұрлыбаевтың «Пандемия. Шектеу. Самғау...» атты жеке көрмесі ашылды -
І жартыжылдықта әлеуметтік төлемдер бойынша 390 мыңға жуық қызмет көрсетілді -
Жол картасы аясында 5,5 мыңға жуық жұмыс орны ашылды -
Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарлары қанша пайызға қымбаттады