• Басты
  • Қазақстандағы өрттерді жою ісінің үздіктері анықталды (ФОТО)
28 Наурыз, 2016 20:43

Қазақстандағы өрттерді жою ісінің үздіктері анықталды (ФОТО)

Ағымдағы жылдың 24-25 наурыз аралығында Қазақстан Республикасы ІІМ Төтенше жағдайлар комитетінде VІІ-ші республикалық «2016 жылдың үздік өрт сөндіру бөлімі» байқауының қорытындысы шығарылды, деп хабарлады ҚР ІІМ ТЖ комитетінің Өрт сөндіру қызметінің жұмысын ұйымдастыру басқармасы.

Қазақстандағы  өрттерді жою ісінің үздіктері анықталды (ФОТО) | Strategy2050.kz

Байқау өткізілуі екі кезеңнен тұрды. Әрбір облыстың, Астана және Алматы қалаларының үздік өрт сөндіру бөлімін анықтайтын бірінші кезеңде республиканың 400 өрт сөндіру бөлімшесі қатысты. Бұл кезеңде өрт деполары ғимаратының ұсталу жағдайы, аумағының жайлылығы, өрт техникаларының сапалы қолданылуы және жеке құрамының кәсіби дайындық деңгейлері сынға түсіп бағаланды.

Бірінші кезеңнің қыйыншылықтарынан кідірмей өткен аудандық үздік бөлімшелердің жетекшілері елордада республиканың «үздігі» атағы үшін жоғарғы деңгейдегі кәсіби шеберліктерін көрсетіп, жеңіске деген ынталарын танытты.

“Байқаудың екінші кезеңі нормативтік құқықтық актілерді білу деңгейін анықтайтын тестілеуден, сайысқа қатысушылардың дайындаған рефераттарын, фотоальбомдарын, бейнематериалдарын және байқаудың бірінші кезеңі бойынша қорытынды бағалау ведомстілерін қарастыруды тұрды”, - делінген хабарламада.

Бұдан басқа, жоғарыда аталған талаптармен қоса байқауға қатысушылардың физикалық дайындығын анықтау мақсатында бірінші рет өрттен құтқару спорты бойынша нормативтерді орындау бойынша жарысты. Олар оқу мұнарасының 4-ші қабатына шабуыл сатысымен көтерілу, 100 метрлік кедергілі жолақтан өту және сығымдалған ауалы аппаратты жауынгерлік тексеру жаттығуларын орындады.

Барлық байқауға қатысушылар байқау қорытындысын үлкен толқыныспен күтті. Себебі әрбір істегі жеңіс, әсіресе, осындай көлемді байқаудың жеңісі аяқасты болуы мүмкін емес. Нақты нәтижелерге жету үшін өз кәсіби шеберліктерден бөлек, бөлімше жетекшісі ретінде жеке қасиеттерді де ұдайы жетілдіріп отыру қажет.

Сонымен байқауда өз мәресіне жетіп, жарыс қорытындысы бойынша 1303 бал жинап, еліміздегі ең үздігі болып Қарағанды қаласындағы мамандандырылған жасақ тағайындалды. Жасақтың жеке құрамы Қазақстан Республикасының ІІМ ТЖК Құрмет грамотасымен және сәйкесінше жеңімпаздар вымпелімен марапатталды.

Республикалық байқауда екінші орынды 1274 баллмен, Астана қаласының № 8 өрт сөндіру бөлімі иеленді, дәл сондай Қазақстан Республикасының ІІМ ТЖК төрағасының құрмет грамотасына ие болған үшінші орынды 1271 баллмен Қостанай облысының № 16 мамандандырылған өрт сөндіру бөлімі қанағат етті.

«Ең үздік өрт сөндіру бөлімі 2016» байқауының екінші кезеңінде өзнің кәсіпқой шеберлігін арттыру мақсатында жақсы нәтижелер көрсеткен қатсушылар да назардан шет қалмай, ҚР ІІМ ТЖК дипломдармен марапатталды.

Айта кететін жағдайлардың бірі комиссия шешімі бойынша аталған байқауды өткізу бойынша бөлімнің өткен өмірі мен тарихын, бөлімнің өрт техникасының техникалық жағдайы мен ғимараттың жағдайын айқындап көрсететін әдемі безендірілген альбом бойынша арнайы «Үздік альбом» номинациясы анықталды.

Комиссия мүшелерінің бұл шешімі кездейсоқ немесе аяқ астынан болған жоқ. Бұл міндетті болды, себебі жыл өткен сайын фотоальбомдар әр түрленіп  оны безендіру дизайны комиссия мүшелерін таң қалдыруда. Комиссия мүшелерінің алдында жеңімпаздарды анықтау оңайға соққан жоқ. Өйткені байқауға қатысушылардың барлығы фотоальбомдарын безендіру кезенді шығармашылық және үлкен жауапкершілік танытты.

Комиссия мүшелерінің шешімімен «Үздік альбом» номинациясының жеңімпазы болып Актөбе облысы № 1 мамандандырылған өрт сөндіру бөлімі, екінші орын Павлодар облысының № 14 өрт сөндіру бөлімі, үшінші орынды Солтүстік-Қазақстан облысы № 1 өрт сөндіру бөлімі және Мангистау  облысы № 13 өрт сөндіру бөлімі иеленді.

Әрине, үздік атағын иелену – бұл үлкен жетістік және үлкен жұмыстардың көрсеткіші, бірақ бәрінен бұрын осы атақты алдағы уақытта сақтап қалу маңызды. Соған орай республикалық байқаудың жеңімпаздарына үлкен жетістіктер тілейміз.

 

ҰСЫНЫЛАДЫ
дерекнама 2050

ШОБ ЖІӨ көлемінің 50 пайызынан артығын өндіреді

Еңбек өнімділігі 126 мың долларға дейін көтеріледі 3-тен 6 жасқа дейінгі балаларды 100 пайыз мектепке дейінгі біліммен қамту

Қазақстан өз нарығын жаңа экологиялық стандарттарға сай келетін жанар-жағармаймен толықтай қамтамасыз етеді

Жалпы экспорт ішінде шикізат емес экспорттың көлемі екі есеге, 2040 жылы үш есеге артады

Әліпбиімізді латын қарпіне көшіру ісі басталады

Қазақстандықтардың 95 пайызы қазақ тілін меңгеруі тиіс

15 пайыз егістік алқаптарына суды үнемдеу технологиялары енгізіледі

Халықты ағын сумен қамту мәселесі шешіледі

Адам басына шаққандағы ЖІӨ көлемі 60 мың долларға көтеріледі

ҚР тұрғындарының үлесі халықтың 70 пайызын құрайды