- Басты
- Жаңалықтар
- «BI Жұлдызай 2016» мүмкіндігі шектеулі балаларға арналған фестивалі биыл жаңа форматта өтеді
«BI Жұлдызай 2016» мүмкіндігі шектеулі балаларға арналған фестивалі биыл жаңа форматта өтеді
Биыл 11-шi рет ұйымдастырылатын фестивальдi 6 аталым бойынша өткiземiз. 8 мыңнан астам бала шараға қатысуға өтiнiш бердi. Фестиваль 5 сәуiрде басталады.
Жылдағы дәстүр бойынша Қазақстанның 16 қаласына барылады. Осы шара барысында жаңа жұлдыздар жанады деген сенiмдемiз. Биылғы фестивальдiң ерекешелiгi, екiншi iрiктеу кезеңi Бурабайдағы балалардың сауықтыру лагерiнде өтедi.
Бұл жобаны елiмiздiң танымал әншiсi Ринат Малцагов та қолдап келедi. Әншiнiң айтуынша, ол былтырғы жылы қазылар алқасының құрамында болған. Биыл да шығармашылық байқауына қатысатындарды бағалайтын болады.
Ұйымдастырушылардың айтуынша, әділқазы алқасы қатысушылардың өнерін: «хореография», «вокалдық орындау», «аспаптық орындау», «әнді ишаралық орындау», «сәндік-қолданбалы шығармашылық», «бейнелеу өнері» номинациялары бойынша бағалайды. Балалар шығармашылығының республикалық фестивалі дәстүр бойынша Балаларды қорғау күні - 1 маусымда
«Қазақстан» Орталық концерт залында тәмамдалады.
Атап өтсек, «BI Жұлдызай» балалар шығармашылығының республикалық фестивалі жыл сайын Қазақстанның барлық өңірлерінің балаларын біріктіреді. 11 жыл ішінде фестивальге 36 583 балалар қатысты.
Фестиваль түлектері - Bala Tukvisyon байқауының, Белая Трость фестивалінің, 2015 жылғы МУЗ-ТВ сыйлығының қатысушылары және Қазақ Ұлттық Өнер Университетінің студенттері. Фестиваль ұйымдастырушысы - «BI Жұлдызай» корпоративтік қоры. Қорды 2005 жылы «BI-Group» инвестициялық-құрылыс холдингі құрған.
-
«Жаңа гуманитарлық білім. Қазақ тіліндегі 100 жаңа оқулық» жобасының жүзеге асуы -
Президент тапсырмасы: Жаңа жылдан бастап кімдердің жалақысы өседі -
Оқушыларға арналған президенттік олимпиада: Жеңімпаздар қандай сыйлыққа ие болады -
Биыл қанша ауыл ауыз суға қол жеткізеді -
Ғылымдағы жаңашылжықтар: Не өзгерді -
Отандық ғалымдар онкологиялық ауруларды диагностикалауға арналған ерітінді жасап шығарды -
III Нобель фестивалі: Екінші күнінің қорытындылары -
Биыл магистратураға түсу үшін құжаттарды қабылдау қашан басталады -
COVID-19: Министр Қазақстандағы эпидемиологиялық жағдайға жаңа болжам айтты -
«Болашақ бүгіннің өзінде»: Қазақстанда Нобель фестивалі өтеді -
«Мұқағали» фильмінің халықаралық премьерасы Таллинде өтеді -
Дәстүрлі форматта оқу процесі қалай өтіп жатыр -
Отандық ғалымдар жаралар мен күйіктерді емдеуге арналған инновациялық құралдар әзірледі -
АХҚО қызметі: жаңа бағыттар мен келісімдер -
«Ақын» фильмінің әлемдік тұсаукесері Токиода өтеді