- Басты
- Жаңалықтар
- Ақтөбе облысы индустриалдық аумақ құру үшін жер телімдерін беруге әзір
Ақтөбе облысы индустриалдық аумақ құру үшін жер телімдерін беруге әзір
“Агломерация аумағында өнеркәсіп және агромәдениет кешені саласында индустриалды аумақ құру үшін 500 гектарга дейін жер телімдері бөлінуі мүмкін”, - деп мәлім етті өңір басшысы.
Әкімнің пайымынша, Қобда мен Мәртөк аудандарында жер телімдері «агроөнеркәсіптік индустриалды аумақ құруға бір мысал ретінде» қаралуы мүмкін.
“Мәртөк ауданы қолайлы орында орналасқан, бұл жермен «Батыс Еуропа – Батыс Қытай» автобаны өтеді. Қобда ауданы да қолайлы орында орналасқан. Екі аудан да картоп, көкөніс, жеміс-жидек, майлы және астық дақылдарын өсіруге қолайлы”, - деп атап өтті Бердібек Сапарбаев.
Әкім Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың Қазақстан халқына Жолдауында Астана, Алматы, Шымкент және Ақтөбе қалалары республикадағы алғашқы урбанистикалық орталықтар болатынын атап өткенін еске салды.
“Бұл бізге жаңа белестерді бағындыруға мүмкіндік береді және экономикалық дамуда жаңа жетістіктерге қол жеткізуге алғышарт болады”, - деді өңір басшысы.
Ақтөбе қаласы 596,5 мың адам тұратын агломерацияға айналады. Өсім темпіннің көрсеткіштеріне сәйкес, екі жылда халық саны 22 000-ға артты. Жалпы болжамдарға сүйенсек, 2020 жылы агломерациядағы халық саны 645 мыңға жетеді, ал 2030 жылы бір миллион болады.
Индира Кауметова
-
Н.Назарбаев: Туған халқымның сенімін ақтау үшін бар күш-жігерімді аянбай жұмсадым -
Жергілікті қамтуды дамыту: Инвестиция қоры, қосылған құн салығы мен мұнай-газ саласы -
ҚЭҰҚ: Стихиялы қоқыс орнын ұйымдастырып, қоқыс полигонында өртке жол бергені үшін жауапкершілікті күшейту қажет -
ІІМ: Интернет алаяқтарға алданбау үшін нені білу керек -
Түркістан облысы: Өңірдегі эпиджағдай, жұмыссыздық мәселесі мен әлеуметтік-экономикалық дамуы -
Жалға берілетін тұрғын үй: Алматылық жастар үшін талаптары қандай -
Ерікті студенттер үшін ақшалай сыйақы: Қандай қызметтерге төленеді -
Тұрақты экономикалық даму үшін қандай ұлттық жобалар жүзеге асады -
Ақтөбе облысының дамуы: Мемлекет басшысының тапсырмасы қалай жүзеге асып жатыр -
Докторантураға түсу үшін қандай құжаттар қажет -
МӘМС үшін төлемді қалай, қайдан жасауға болады -
Отандық ғалымдар медицина саласында сұранысқа ие инновациялық өнім әзірледі -
Биыл магистратураға түсу үшін құжаттарды қабылдау қашан басталады -
Маңғыстау облысында коронавирустық инфекцияның таралуын болдырмау шаралары -
Отандық ғалымдар жаралар мен күйіктерді емдеуге арналған инновациялық құралдар әзірледі