- Басты
- Жаңалықтар
- М.Қоғамов: ІІМ жанындағы өтініштерді қарайтын қоғамдық кеңес комиссиясы жұмысқа кірісті
М.Қоғамов: ІІМ жанындағы өтініштерді қарайтын қоғамдық кеңес комиссиясы жұмысқа кірісті
“Қоғамдық кеңесте екі комиссия құрылды.Біріншісі құқықтық творчестволық қызмет мәселелері жөніндегі, ол ІІМ-де әзірленетін азаматтардың құқықтарына, бостандықтары мен міндеттеріне қатысты нормативтік құқықтық актілер жобаларын қарайтын болады. Екіншісі ІІМ-де азаматтардың арыздарын қарауға және полиция қызметінің айқындығын қамтамасыз етуге байланысты мәселелер жөніндегі комиссия”, - деді ол.
Құрылған Қоғамдық кеңес жөніндегі барлық ақпаратты ведомстволық веб-порталда орналастырылған (Қоғамдық кеңестің және оны құру жөніндегі жұмыс тобының құрамы, Ереже, бұйрықтар, Кеңес отырысының хаттамасы, азаматтарды қабылдау туралы хабарландыру және т.б.).
Айына екі рет Қоғамдық кеңес мүшелері азаматтарды жеке қабылдауды жүзеге асыратын болады. Сондай-ақ, Қоғамдық кеңеске ведомстволық сайт немесе «электрондық үкімет порталы» арқылы жүгіне алады. Сонымен қатар ІІМ-нің орталық ғимаратының фойесіне жүгінулер үшін жеке пошта жәшігі орнатылған, олар Қоғамдық кеңестің қарауы үшін тікелей берілетін болады.
«Ішкі істер органдары туралы» Заңға сәйкес барлық өңірлік ІІД-де бірінші басшылардың бұйрықтарымен консультативтік-кеңесші органдар құрылды, оларға да әдеп нормаларын бұзған полиция қызметкерлерінің әрекеттеріне қатысты азаматтардың арыздарын қарау жөніндегі өкілеттік берілген.
“Бірінші отырыстар өткізілді, оларда төрағалар сайланды және ағымдағы жылға арналған жұмыс жоспарлары бекітілді. Қазір азаматтарға қол жетімді орындарда Консульттативтік-кеңесші органдардың мекенжайына түсетін арыздар үшін жеке пошта жәшіктері орнатылуда. ІІД-нің веб-сайттарында осы кеңесші органдардың қызметі туралы қосымша бөлім орналастырылған”, - деді М.Қоғамов.
Өңірлердегі ІІД Консультативтік-кеңесші органдарының жұмыс практикасы ІІМ-нің Кадр жұмысы департаментімен ай сайын жалпыланатын және талданатын болады.
-
ІІМ: Учаскелік инспектордың рөлі, құзыреті және халықпен кері байланыс -
ІІМ: Интернет алаяқтарға алданбау үшін нені білу керек -
Ұлттық кеңес: Медицина кадрының жетіспеушілігі, ана мен баланың қауіпсіздігі және білім саласындағы мәселелер -
ІІМ: Мемлекеттік қызметтер мен жол қозғалысын цифрландыру және мектептердегі қауіпсіздік шаралары -
ІІМ: Жол қауіпсіздігі мәселелері және жедел-қызметтік жұмыс қорытындылары -
А.Цой: 17 қазаннан бастап вакцина алмағандар жұмысқа жіберілмейді -
Қоғамдық кеңестердің қызметі, заңға енгізілген өзгерістер мен Kazkenes.kz порталының жұмысы -
ІІМ: Терроризм актілері туралы жалған хабарламаларды ашу және тергеу шаралары -
ІІМ: Балаларға қарсы қылмыстардың жолын кесу және есірткінің таралуын болдырмау шаралары -
ІІМ: Жамбыл облысындағы жарылыс және балалардың жолдағы қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселелері -
ІІМ: Автокөлік ұрлаған 8 қылмыстық топ ұсталды -
Тамыз кеңесі:Білім беруді дамытудың өзекті мәселелері талқыланды -
ІІМ: Балалардың жолдағы қауіпсіздік шаралары -
ІІМ: Жол ережесі, жаяу жүргіншілердің тәртібі және «Полицейдің бір күні» жобасы -
COVID-19: Германия екпе алмағандарға шектеу шарасын енгізбек, ал Италия қоғамдық орындардағы шараларды күшейтпек