• Басты
  • Жаңалықтар
  • Қазақстан ДСҰ-ға енгеннен кейінгі өткінші кезең мүмкіндіктерін талқылауда – Ж.Айтжанова

Қазақстан ДСҰ-ға енгеннен кейінгі өткінші кезең мүмкіндіктерін талқылауда – Ж.Айтжанова

18 Қараша, 2013 18:28
Келіссөздер аясында Қазақстан ДСҰ ережелерімен ұлттық заңнаманы сәйкестендіруді енгізу үшін ДСҰ-ға енгеннен кейінгі өтпелі кезең мүмкіндіктерін мойындамай отыр, деп мәлімдеді Экономикалық интеграция министрі Жанар Айтжанова Мәжілістегі Үкіметтік сағатта.

«Мемлекеттік қолдаудан бір сәттік бас тарту қазақстандық кәсіпкерліктерге теріс ықпал етуі мүмкін. Осы орайда Қазақстан ДСҰ ережелерімен ұлттық заңнаманы сәйкестендіруді енгізу үшін ДСҰ-ға енгеннен кейінгі өтпелі кезең мүмкіндіктерін мойындамай отыр», - деді министр.

Сонымен 2010 жылы Үкімет 4 қазақстандық зауытпен өнеркәсіптік жинау туралы инвестициялық келісімге келген болатын. Аталмыш кәсіпкерліктерге көрсетілетін мемлекеттік қолдау, атап айтатын болсақ, импорттық компоненттерге қатысты кедендік жеңілдіктер ДСҰ ережесіне теріс келеді. Сол себепті Қазақстан 2018 жылдың 1 шілдесіне дейін мемлекеттік қолдауды іске асыру үшін өтпелі кезеңге келісті.

Сонымен қатар, Ж.Айтжанова ЕЭК механизмдері мен Еркін қойма аясындағы қазақстандық тауар өндірушілерді қолдау бойынша қабылданған мемлекеттік шаралар 2017 жылдың 1 қаңтарына дейін күшінде болатынын айтты.

Бұдан бөлек, мұнай және тау-кен салаларында қызмет ететін инвесторлармен келісіміндегі қазақстандық тауар сатып алу бойынша келісім аталмыш келіссөздердің маңызды бөлігі болмақ.

Барлық жаңалықтар