- Басты
- Жаңалықтар
- М.Қоғамов: Қоғамдық кеңес Ұлт жоспарының нақты жүзеге асуына септеседі
М.Қоғамов: Қоғамдық кеңес Ұлт жоспарының нақты жүзеге асуына септеседі
«Қоғамдық кеңес Ұлт жоспарының нақты жүзеге асуына септеседі. Ұлт жоспарында қоғамдық кеңес туралы заң қарастырылған. Аталмыш заң өткен жылы қабылданған болатын. ҚР ІІМ-ң жүйесінде қоғамдық кеңес 2007-ші жылдан бері қызмет атқарып келеді»,-деді М.Қоғамов.
Сондай-ақ ол, қоғамдық кеңестің көптеген түрлі деңгейдегі іс-шараларға қатысқанын атап өтті. Биылдың өзінде М.Қоғамовтың халықаралық, республикалық бірқатар ауқымды шараларға қатысуына тура келген.
«Елімізде 2015 жылдың 1-ші қаңтарында қабылданған прцессуальды заңнамалардың тиімділігін меңгердік. Ірі криминалдық кодекстерді жұмысқа алып, нәтижесінде басты сабағымыз талқылау болды. Жақында Минскке барып келуіме мүмкіндік туды. Онда БҰҰ желісі бойынша өлім жазасы мәселесіне қатысты ұлттық сарапшы ретінде бардым. Ол жерде біздің еліміздегі өлім жазасына қатысты ұстанымдарымыз бен тәжірибелерімізді айтып, ойларыммен бөлістім»,-деп хабарлады М.Қоғамов.
Оның айтуынша, біздің әріптестер үшін өнегелі тәжірибе болған.
«Өздеріңіз білетіндей, 2003 жылдың 17 желтоқсанында елімізде өлім жазасына қатысты мерзімсіз мораторий жарияланған болатын. Менің ойымша, өлім жазасын толық алып тастаған мемлекеттердің шоғырына қосылуға бірнеше қадам ғана қалды», деді ҚР Ішкі істер министрлігі жанындағы қоғамдық кеңес төрағасы Марат Қоғамов.
Еске сала кетейік, Ұлт жоспары «100 нақты қадамның» 31-ші қадамында этикалық нормаларды бұзуға жол беретін полицейлердің іс-әрекеттеріне ШАҒЫМДАНҒАН АЗАМАТТАРДЫҢ АРЫЗЫН ҚАРАУ ЖӨНІНДЕГІ ҚОҒАМДЫҚ КЕҢЕС ЖҮЙЕСІН ҚҰРУ АРҚЫЛЫ полицияның ашықтығын қамтамасыз ету туралы айтылған. ҚОҒАМДЫҚ КЕҢЕСТЕРДІҢ МӘРТЕБЕСІМЕН ӨКІЛЕТТІЛІГІ ЗАҢДЫ ТҮРДЕ БЕКІТІЛЕТІН БОЛАДЫ.
Ботагоз Айтжанова
-
Сарапшы: «Қазақстан ұлт болып ұйысудың өзіндік моделін қалыптастырды» -
Шетелдік интернет-компаниялардың қызметтеріне «цифрлы салық» салу қалай жүзеге асады -
«Жаңа гуманитарлық білім. Қазақ тіліндегі 100 жаңа оқулық» жобасының жүзеге асуы -
Ұлттық кеңес: Медицина кадрының жетіспеушілігі, ана мен баланың қауіпсіздігі және білім саласындағы мәселелер -
Ұлттық валюта күні: Теңгенің айналымға ену тарихы мен жеткен жетістіктері -
Қазақстанда Pfizer вакцинасымен кімдер егіледі, қайда және қалай жүзеге асады -
Тұрақты экономикалық даму үшін қандай ұлттық жобалар жүзеге асады -
Ақтөбе облысының дамуы: Мемлекет басшысының тапсырмасы қалай жүзеге асып жатыр -
Елордада «Рухани жаңғыру» аясында қандай жобалар жүзеге асуда -
Ұлттық табиғи парктердегі құқық бұзушылық, маман тапшылығы және даму тұжырымдамасы -
«Білімді ұлт»: Балаларды мектепке дейінгі тәрбие және біліммен қамту мәселелері -
«Ұлттық рухани жаңғыру» жобасы: бағыты, мақсаты мен міндеттері -
«Ауыл - Ел бесігі» жобасы:Ауыл тұрғындарының өмір сүру сапасы мен әл-ауқатын жақсарту қалай жүзеге асырылады -
АШМ: Ұлттық жобаның негізгі міндеттері мен импортты алмастыру мәселелері -
А.Цой: «Салауатты ұлт» жобасы денсаулық сақтау жүйесін реформалауға мүмкіндік береді