- Басты
- Жаңалықтар
- Қазақстан Әскери-әуе күштерінің ұшу құрамы Үндістанда аман қалу курсынан өтті (ФОТО)
Қазақстан Әскери-әуе күштерінің ұшу құрамы Үндістанда аман қалу курсынан өтті (ФОТО)
Аман қалу бағдарламасы үш аптаға бөлінді. Одан өту нәтижесінде әскери қызметшілер жақсы нәтижелермен толық курсты меңгерді. Бағдарламаға практикалық дағдыны пысықтай отырып, автономды аман қалу жөніндегі мәселелердің толық тізбесі енгізілді.
Алғашқы апта киім-кешек пен керек-жарақтандырудағы 15 шақырымдық кросстан, жүріп өтілген жер бойынша 20 келілік жүгі бар 10 шақырымдық жүгіруден құралған күшейтілген дене даярлығын қамтыды. Таулар мен джунглидегі автономды аман қалу бойынша теориялық дайындыққа алғашқы медициналық көмек көрсету, жергілікті жерде бағдарлау, от пен суды іздеп табу, уақытша пана жасау, жабайы жануарлардан қорғану, қорек іздеу бойынша дәрістер курсы кірді.
Екінші апта барысында әскери қызметшілер таулы соқпақтар және суық қарумен мұздақтардан өту машығын қолдана отырып, 3 тәулік мерзімде биік таудың автономды жағдайларында іс жүзінде аман қалуды пысықтады. 5 тәулікке джунглидің автономды жағдайында әскери қызметшілердің іс жүзіндегі аман қалуы шешуші кезең болды.
Олар азық-түлік пен суды іздеді, кедергілерден өтіп, жабайы хайуандардан қорғанды, жергілікті жерде бағдарланды, суық қарумен қосалқы көмексіз 50 шақырымға дейінгі қашықтыққа көшті. Курс аяқталысымен қазақстандық офицерлерге дипломдар мен төсбелгілер табыс етілді. Нәтижесінде ұшу құрамы бағдарсыз жерде ұшу аппараттарын апаттық қалдырып кету жағдайында автономды аман қалуда тәжірибе жинақтады.
-
Сарапшы: «Қазақстан ұлт болып ұйысудың өзіндік моделін қалыптастырды» -
Қосшы қаласында «Алтын домбыра» айтысы өтті -
Қазақстан мен әлемдегі эпидемиологиялық жағдай: «Омикрон» штамы әлемнің 20 мемлекетінен табылды -
Қазақстан сыртқы саясатының 30 жылдық белестері -
Әскердегі сарбаздар қандай мамандықтарды меңгереді -
Асқар Мамин: Қазақстан өз даму жолында сапалы серпіліс жасады -
ДСМ: Қазақстанда коронавирус жұқтыру 2,4 есеге азайды -
Қазақстанда ревакцинациялау науқаны басталды -
Қазақстанның сыртқы саясаты: Экономикалық дипломатия, геосаяси жағдай, экспорт және инвестиция -
АШМ: Қазақстанда дәнді және дәнді-бұршақты дақылдарды жинау аяқталды -
Қазақстанда Pfizer вакцинасымен кімдер егіледі, қайда және қалай жүзеге асады -
Қазақстанға Pfizer вакцинасының алғашқы партиясы жеткізілді -
Ұлттық табиғи парктердегі құқық бұзушылық, маман тапшылығы және даму тұжырымдамасы -
Сарапшылар: «Қазақстан студенттер альянсы» дайындаған рейтингтер сапасыз» -
COVID-19: Министр Қазақстандағы эпидемиологиялық жағдайға жаңа болжам айтты