Қазақстанда жекешелендіру аясында 250 нысан сатылды – Қаржы министрлігі

28 Наурыз, 2016 09:53
2014 - 2016 жылдарға арналған сату кестесіне сәйкес сатуға 675 объекті жоспарланған. 2014 жылдың маусым - 2016 жылдың наурыздағы кезеңінде 430 объекті жекешелендіруге жатады, деп хабарлады Қаржы министрлігінің баспасөз қызметі.

2016 жылдың 25 наурыздағы жағдайы бойынша іс жүзінде саудаға 386 объекті шығарылды, оның ішінде 250 объекті сатылды, республикалық меншік бойынша - 17, коммуналдық меншік бойынша - 120, ӘКК - 63, холдингтер бойынша - 50.

Сонымен, қаражат келесі түрде таратылды: республикалық бюджетке   6 745 млн. теңге, облыстық бюджеттерге 3 600 млн. теңгеден астам, Холдингтер 67 261 млн теңге, ӘКК 2 959 млн. теңге.

«Республикалық меншік бойынша барлығы 2014-2016 жылдарға арналған сату Кестесі бойынша  52 объекті жекешелендіруге жатады. 2014 жылдың маусым - 2016 жылдың наурыздағы кезеңінде іс жүзінде сатуға 24 объекті жоспарланған. Ағымдағы жылдың 25 наурыздағы жағдайы бойынша сауда-саттыққа 24 объекті шығарылды, оның ішінде 17 объекті сатылды», - делінген хабарламада.

Коммуналдық меншік бойынша  барлығы 2014 - 2016 жылдарға арналған сату Кестесі бойынша   312 объектінің сатылуы белгіленді. 2014 жылдың маусым - 2016 жылдың наурыздағы кезеңінде 169 объекті жекешелендіруге жатады. Іс жүзінде    25 наурыздағы жағдайы бойынша 166 объекті шығарылды, соның ішінде   120 объекті сатылды.

Әлеуметтік-кәсіпкерлік корпарациялар бойынша әлеуметтік-кәсіпкерлік корпарациялар бойынша 2014 - 2016 жылдарда сату Кесте бойынша сатуға 170 объекті белгіленді. 2014 жылдың маусым - 2016 жылдың наурыздағы кезеңінде 109 объекті жекешелендіруге жатады. Іс жүзінде 86 объекті сатуға қойылды, 63 объекті сатылды.

Ұлттық компаниялар мен холдингтер бойынша  2014 - 2016 жж. арналған сату Кестесі бойынша 141 объекті жекешелендіруге жатады, 25 наурыздағы жағдайы бойынша жоспарланған 128 объектінің 110 объектісі сауда - саттыққа шығарылды, оның ішінде 50 объект сатылды.

 

Барлық жаңалықтар