- Басты
- Жаңалықтар
- И.Меркель Кубадағы Криминология бойынша халықаралық кездесуге қатысты
И.Меркель Кубадағы Криминология бойынша халықаралық кездесуге қатысты
Форумда әлемнің 20-дан астам елдерінің жоғары қадағалау органдарының басшылары, сондай-ақ халықаралық, үкіметтік емес, қоғамдық ұйымдардың және ғылыми ортаның өкілдері бас қосты.
Ашылу рәсімінде Куба, Венесуэла, Боливия және Эквадордың бас прокурорлары сөз сөйледі.
“Форумда адам саудасы, сыбайлас жемқорлық пен ақшаның жылыстауы, алаяқтық пен салық төлеуден жалтаруға байланысты қылмыстар, сондай-ақ қылмыстық жолмен табылған кірістер мен активтерді қайтаруға қарсы тұрудағы халықаралық ынтымақтастықтың маңызды мәселелері талқыланды. Қадағалаушы органдардың басшылары трансұлттық ұйымдасқан қылмыспен күрестегі ынтымақтастықты нығайту және үйлестірілген саясат жүргізуге ниет білдірді”, - делінген хабарламада.
Қатысушылардың ортақ пікірі бойынша, күн тәртібінің өзектілігі халықаралық және аймақтық қауіпсіздікті, адам құқықтарының кепілдігін қамтамасыз ету, қоғам және мемлекеттің мүдделерін қорғау бойынша күш-жігерді жұмылдыру жөніндегі барлық елдерге ортақ стратегиялық міндеттерден туындағын.
Конференция аясында И.Меркель Венесуэла мен Эквадордың бас прокурорларымен, сонымен қатар Қытай мен Ресей бас прокурорларының орынбасарларымен келіссөздер жүргізді.
Кубаның Бас прокурорымен кездесуінде тараптар халықаралық ұйымдасқан қылмыспен, есірткі саудасы, экстремизммен және терроризммен күресу аясындағы ынтымақтастықтың маңызды мәселелері бойынша пікір алмасты. Сонымен қатар, шарттық-құқықтық базаны, ведомствоаралық ынтымақтастықты кеңейту мен күшейту және жедел ақпаратпен алмасу мәселелері қозғалды.
-
Мүгедектігі бар адамдарды әлеуметтік қорғау бойынша қандай шаралар қолға алынды -
30 жыл: Жаһандық бастамалардың халықаралық қауіпсіздікке қосқан үлесі -
Заңгер-студенттер халықаралық байқауда сот отырысын жеңді -
«Мұқағали» фильмінің халықаралық премьерасы Таллинде өтеді -
Еліміздің қай өңірлерінде сапалы ауыз суға қатысты проблема бар -
Орта Азия елдеріндегі көміртегі бейтараптығына қол жеткізу бойынша бірлескен іс-шаралар -
«Еңбек» мемлекеттік бағдарламасына 451 мыңнан астам адам қатысты -
Аманжол Әлтай Жолдауда көтерілген мәселелерге қатысты пікірін білдірді -
Сарапшы: Жолдауда жастарға қатысты айтылған үш мәселені атады -
І жартыжылдықта әлеуметтік төлемдер бойынша 390 мыңға жуық қызмет көрсетілді -
Биыл «Еңбек» мемлекеттік бағдарламасына 397 мыңнан астам адам қатысты -
Сенсорлық интеграция бойынша жаттықтырушыларды оқыту басталды -
Антикор: Қылмыстық істер бойынша 110 лауазымды тұлға ұсталды -
Көмірсутек шикізаты бойынша жер қойнауын пайдалану саласының дамуы -
Антикор: Жыл басынан бері жемқорлық бойынша 500-ге жуық адам сотталған