- Басты
- Жаңалықтар
- Қ. Асылов: Мемлекеттік этносаясаттың нормативтік құқықтық базасын жетілдіру және жүзеге асыру – біздің ортақ міндетіміз
Қ. Асылов: Мемлекеттік этносаясаттың нормативтік құқықтық базасын жетілдіру және жүзеге асыру – біздің ортақ міндетіміз
Министрліктің хабарлауынша, кеңеске облыстардың, Астана мен Алматы қалаларының Ішкі саясат басқармалары басшылары, сондай-ақ Қазақстан халқы Ассамблеясының өңірлік хатшылықтары қатысты. Кеңес барысында ҚР МСМ Тілдерді дамыту және қоғамдық-саяси жұмыс комитетінің төрағасы Қуаныш Асылов Қазақстандағы этносаралық және дінаралық келісімді сақтау және нығайту ісінде орталық және жергілікті атқарушы органдардың өзара іс-қимылдарының ерекше маңызына тоқталып кетті.
ҚР МСМ Қоғамдық-саяси жұмыс басқармасының басшысы Ғалым Арғынғазин этносаралық саладағы заңнаманы жетілдіру жөніндегі шаралар туралы баяндады. Оның ақпаратына сәйкес, Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігі «Қазақстан халқы Ассамблеясы туралы» Қазақстан Республикасы Заңына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Заңы, «Қазақстан халқы Ассамблеясының (2025 жылға дейінгі) даму тұжырымдамасын бекіту туралы», «Қазақстандық бірегейлік пен бірлікті нығайту және дамыту тұжырымдамасын бекіту туралы», «Қазақстан Республикасындағы кәсiптiк және өзге де мерекелер туралы» Қазақстан Республикасы Президентiнiң 1998 жылғы 20 қаңтардағы № 3827 Жарлығына өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлықтары және басқа да нормативтік құқықтық актілер әзірлеген болатын.
Кеңеске қатысқан жергілікті атқарушы органдар өкілдеріне мемлекеттік этносаясаттың нормативті-құқықтық базасын жетілдіру және жүзеге асыруға қатысты сауалдарына толыққанды ақпарат алды.
«Заңнаманы одан әрі жетілдіру мен іске асыру арқылы тұрақтылықты, қазақстандық бірегейлік пен бірлікті нығайту, «Мәңгілік Ел»жалпыұлттық патриоттық идеясын қоғамдық санада бекіту қажет», - деген пікірімен бөліскен Қуаныш Асылов бірлескен жұмыс жасауға шақырды.
-
Сарапшы: «Қазақстан ұлт болып ұйысудың өзіндік моделін қалыптастырды» -
Қосшы қаласында «Алтын домбыра» айтысы өтті -
Елордада Париж келісімі міндеттемелерінің орындалу барысы талқыланып жатыр -
Н.Назарбаев: Туған халқымның сенімін ақтау үшін бар күш-жігерімді аянбай жұмсадым -
30 жыл: ҚР машина жасау саласы қандай жетістіктерге жетті -
Қазақстан мен әлемдегі эпидемиологиялық жағдай: «Омикрон» штамы әлемнің 20 мемлекетінен табылды -
Қазақстан сыртқы саясатының 30 жылдық белестері -
ДСМ: Omicron штамының таралуын болдырмау мақсатында қандай шектеулер енгізіледі -
ТЖМ: Газ баллондар мен газ жабдықтарын қалай пайдалану керек -
Мектеп оқушылары арасында үздік ораторлар белгілі болды -
Инвестициялық саясат: ТШИ, саладағы негізгі трендтер мен өңірлердегі инвестиция тарту мәселесі -
ІІМ: Учаскелік инспектордың рөлі, құзыреті және халықпен кері байланыс -
«Аңсаған сәби» бағдарламасына кімдер қатыса алады және іріктеу қалай жүреді -
Шетелдік интернет-компаниялардың қызметтеріне «цифрлы салық» салу қалай жүзеге асады -
COVID-19: Оңтүстік Кореяда коронавирус күшейді, Францияда балалар арасында вирус жұқтырғандар саны артуда