- Басты
- Жаңалықтар
- Жамбыл облысында биыл су үнемдеу технологиясын 11 мың гектарға енгізу көзделуде
Жамбыл облысында биыл су үнемдеу технологиясын 11 мың гектарға енгізу көзделуде
Елбасы Н.Ә.Назарбаев Қазақстан халқына Жолдауында «Ауыл шаруашылығы өніміне жаһандық сұраныс ұдайы өсіп отырған жағдайда еліміздің ауыл шаруашылығы саласын да ауқымды жаңғырту қажет»деп атап өткен болатын. Осыған байланысты облыс әкімдігінің ауылшаруашылығы басқармасы ауыл шаруашылығы саласының тың серпінін қамтамасыз ету шараларын ұдайы қаперде ұстап келеді.
Сондай-ақ, басқарма 2016 жылғы өз жұмысын Елбасы тапсырмаларына, Жамбыл облысын дамытудың 2015-2020 жылдарға арналған бағдарламасына сәйкес жүргізуде.
2016 жылы ауыл шаруашылығы саласын қолдауға барлығы - 6,5 млрд. теңге бөлінсе, республикалық бюджеттен - 1,2 млрд. теңге, жергілікті бюджеттен – 5,3 млрд. теңге бөлінді. Оның ішінде ағымдағы жылдың I тоқсанына жоспарланған - 1936,9 млн. теңге (республикалық бюджеттен бөлінген - 146,0 млн. теңге, жергілікті бюджеттен бөлінген - 1790,9 млн. теңге) толық игерілді. Жалпы биылғы жылы егін шаруашылығын субсидиялауға - 2236,4 млн. теңге, мал шаруашылығын қолдау бағдарламалары бойынша – 1798,0 млн. теңге, басқа да салалар бойынша – 2465,6 млн. теңге қарастырылып отыр.
Жыл басынан бері салада жалпы өнім көлемі – 17,7 млрд. теңгені (НИК-102,2%) құраса, оның ішінде: егін шаруашылығы өнімінің көлемі - 115,0 млн. теңгені (НИК-100%), мал шаруашылығы өнімінің көлемі - 17,6 млрд. теңгені (НИК-102,2%) құрады.
Өткен жылы 587,9 мың гектарға ауыл шаруашылығы дақылдары себілсе, үстіміздегі жылы 593,2 мың гектарға ауыл шаруашылық дақылдарын орналастыру жоспарланып отыр.
Бүгінгі күнге барлығы 144579 гектар жер жыртылып, 249433 гектар жер дайындалды. Сонымен бірге, 110408 гектарға жаздық масақты дақылдар, 11026 гектарға майлы дақылдар, 9035 гектарға көкөніс, 95 гектарға картоп, 17917 гектарға көп жылдық шөп себілді.
2016 жылдың өнімі үшін егілетін ауыл шаруашылығы дақылдарына Ауыл шаруашылығы министрлігі тарапынан Жамбыл облысына көктемгі егіс-дала жұмыстарын жүргізуге қажетті 14 000 тонна кепілді дизель отыны бөлінді. Оның ішінде ақпан айына - 3000 тонна, наурыз айына - 3000 тонна, сәуір айына - 4000 тонна, мамыр айына - 4000 тонна көлемінде белгіленді. Бұл ауыл шаруашылық дақылдарын егуге байланысты көктемгі дала жұмыстарын жүргізуге толықтай жетеді. Былтырғы жылы облысқа 4 оператор бекітілсе, үстіміздегі жылы 6 оператор жанар-жағармай беруші оператормен келісім-шарт жұмыстарын жүргізіп, бағасы бекітілді.
Облыстың егіншілік саласында ауыл шаруашылық мәндегі жерлерде су және ылғал ресурс үнемдеу технологияларын енгізу мақсатында жүйелі жұмыстар жүргізілуде. Мысалы, нөлдік және минималды технология 2015 жылы 25,0 мың гектарға енгізілсе, үстіміздегі жылы 26,0 мың гектарға жеткізу жоспарланып отыр.
Су үнемдеу технологиялары 2015 жылы 8,1 мың гектарға енгізілсе, 2016 жылы 11 мың гектарға арттыру көзделген.
-
Сарапшы: «Қазақстан ұлт болып ұйысудың өзіндік моделін қалыптастырды» -
Жастар арасындағы суицид: Алдын алу шаралары -
95 мыңға жуық адам жұмысынан айырылуына байланысты МӘСҚ-тан төлем алды -
«Жаңа гуманитарлық білім. Қазақ тіліндегі 100 жаңа оқулық» жобасының жүзеге асуы -
Жол картасы аясында 8 мыңнан астам жұмыс орны құрылды -
Биыл қанша ауыл ауыз суға қол жеткізеді -
ДСМ: Соңғы екі аптада елдегі сырқаттану деңгейі 11%-ға төмендеді -
Елордада «Рухани жаңғыру» аясында қандай жобалар жүзеге асуда -
Докторантураға түсу үшін қандай құжаттар қажет -
Биыл магистратураға түсу үшін құжаттарды қабылдау қашан басталады -
Маңғыстау облысында коронавирустық инфекцияның таралуын болдырмау шаралары -
Еліміздің қай өңірлерінде сапалы ауыз суға қатысты проблема бар -
Мүгедектігі бар адамдар Әлеуметтік қызметтер порталы арқылы 300 мыңнан астам қызмет алды -
Маңғыстау облысының дамуы: Өңірді сумен жабдықтау, газ, мұнай өндіру және экология мәселелері -
82 мыңнан астам адам жұмысынан айырылуына байланысты МӘСҚ-тан төлем алды