- Басты
- Жаңалықтар
- Жамбыл облысында ауыл шаруашылығы өнімдерін қайта өңдейтін нақты 208 кәсіпорын жұмыс істейді
Жамбыл облысында ауыл шаруашылығы өнімдерін қайта өңдейтін нақты 208 кәсіпорын жұмыс істейді
Нұржан Молдиярұлының айтуынша, қазіргі таңда облыс көлемінде ауыл шаруашылығы өнімдерін қайта өңдейтін нақты 208 кәсіпорын, шағын зауыттар мен цехтар жұмыс істеуде. Мұнда 4 мыңға жуық адам жұмыс орындарымен қамтылған. Облыста өндірілген сүт өнімдерін өңдеуде жылдан жылға сүт, ет өнімдерін тереңдете қайта өңдеуде біршама жұмыстар атқарылуда. Атап айтқанда, ағымдағы жылдың сәуір айында Жуалы ауданындағы ЖК «Мешелов» күндігіне 25 тонна сүт өнімдерін өңдейтін шағын цехын, Меркі ауданындағы «Севиль-Меркі» ЖШС- де күндігіне 15 тонна сүт өңдеу цехын іске қосуды жоспарлауда.
2016 жылы «Ырыс» бағдарламасы бойынша 20 сүт-тауарлы фермасын құру жоспарланып, аудандарға жоспар-тапсырма жеткізіліп, жұмыстар жүргізілуде. Бұл өз кезегінде облыстағы сүт өнімдерін өңдейтін кәсіпорындарды шикізатпен қамтамасыз етуге септігін тигізеді. Сондай-ақ, салаға инвесторлар тарту арқылы ет өнімдері өндірісін көбейту, келешекте етті экспортқа шығаруға қажетті инфрақұрылым толық қалыптастырылуда.Бұл бағытта 2016 жылы Жамбыл ауданындағы «Оңтүстік халал ет өнімдері» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің етті қайта өңдеу кешенін іске қосу сәуір айына жоспарланса, Меркі ауданында «Меркі ет» ЖШС бұрынғы ет комбинатын күрделі жөндеуден өткізіп, күндігіне 10 тоннадан аса ет қабылдауға дайын.
Бұл жобаларды шикізатпен қамтамасыз ету бағытында облыстағы ірі мал бордақылау кешендері төңірегінде дайындау ұйымдары құрылуда. Осылай толық циклді ет кластері ұйымдастырылып, алдағы уақытта қайта өңделген ет өнімдері экспортқа шығарылатын болады.
-
95 мыңға жуық адам жұмысынан айырылуына байланысты МӘСҚ-тан төлем алды -
Түркістан облысы: Өңірдегі эпиджағдай, жұмыссыздық мәселесі мен әлеуметтік-экономикалық дамуы -
Жол картасы аясында 8 мыңнан астам жұмыс орны құрылды -
Биыл қанша ауыл ауыз суға қол жеткізеді -
Ауыл әйелдерінің форумы: Әйел кәсіпкерлерді қолдау шаралары және грант алған жобалар -
Д.Абаев: Алтын Орда қалалары қайта қалпына келтіріліп, тарихи-материалдық кешен құрылады -
Тоқаев: Өңірлердегі ішкі саясат басқармасының жұмысын жандандыру қажет -
«Ауыл - Ел бесігі» жобасы:Ауыл тұрғындарының өмір сүру сапасы мен әл-ауқатын жақсарту қалай жүзеге асырылады -
ІІМ: Жол қауіпсіздігі мәселелері және жедел-қызметтік жұмыс қорытындылары -
Маңғыстау облысында коронавирустық инфекцияның таралуын болдырмау шаралары -
Ж.Жабаевтың 175 жылдығы аясында жарық көрген 10 томдық жинақтың тұсауы кесілді -
А.Цой: 17 қазаннан бастап вакцина алмағандар жұмысқа жіберілмейді -
Пациентті қолдау қызметі қалай жұмыс істейді -
Қоғамдық кеңестердің қызметі, заңға енгізілген өзгерістер мен Kazkenes.kz порталының жұмысы -
82 мыңнан астам адам жұмысынан айырылуына байланысты МӘСҚ-тан төлем алды