- Басты
- Жаңалықтар
- Жамбыл облысында 2016 жылдың I-тоқсанында 13,4 мың тонна ет өндірілген
Жамбыл облысында 2016 жылдың I-тоқсанында 13,4 мың тонна ет өндірілген
«Өңірде мал шаруашылығын дамыту саласында да бірқатар ілгерінді жұмыстар атқарылуда. 2016 жылдың I- тоқсанында МІҚ малы – 325,7 мың басқа жетіп, былтырғы жылдың осы мезгілімен салыстырғанда - 8981 басқа (2,8%) артса, жылқы - 99,3 мың басқа жетіп, 2015 жылмен салыстырғанда - 3502 басқа, яғни 3,7% артып отыр. Сол сияқты қой мен ешкі саны – 2,5 млн. басты құрап, өткен жылмен салыстырғанда 1,7% артса, түйе саны - 5,5 мың басты құрап, 4,3% артты. Алайда, құс саны (2015 жылы – 1,0 млн.) 141,9 мың басқа, яғни 13,3% азайған. Құс санының кемуінің басты себебі, облыстағы құстың 80% жуығы жеке қожалықтарда шоғырланғандықтан болып отыр»,-деді басқарма басшысы.
Облыста негізгі ауыл шаруашылығы өнімдерінің өндірісі артып келеді. 2016 жылдың I-тоқсанында 13,4 мың тонна ет өндіріліп (2015 жылы – 12,8 мың тонна) 4,5% артса, 30,3 мың тонна сүт өндіріліп (2015 жылы – 29,4 мың тонна), 2,8% артты. Сондай-ақ, 8231 мың дана жұмыртқа (2015 жылы – 12562,2 мың дана) өндірілгенімен, 34,5% азайған. Еліміздегі ет экспортының әлеуетін көтеру мақсатында қабылданған «Сыбаға» бағдарламасы аясында 2016 жылы 4400 аналық бас сатып алу жоспарланса, бүгінгі күнге 482 аналық бас сатып алынды. Сондай-ақ, ағымдағы жылдың I-тоқсанында «Құлан» бағдарламасы арқылы 91,8 млн. теңгеге 352 бас жылқы сатып алынса, «Алтын асық» бағдарламасы арқылы 133,6 млн. теңгеге 5774 бас асыл тұқымды қой сатып алынды.
-
Елордада Париж келісімі міндеттемелерінің орындалу барысы талқыланып жатыр -
30 жыл: ҚР машина жасау саласы қандай жетістіктерге жетті -
Қазақстан мен әлемдегі эпидемиологиялық жағдай: «Омикрон» штамы әлемнің 20 мемлекетінен табылды -
ІІМ: Учаскелік инспектордың рөлі, құзыреті және халықпен кері байланыс -
Шетелдік интернет-компаниялардың қызметтеріне «цифрлы салық» салу қалай жүзеге асады -
95 мыңға жуық адам жұмысынан айырылуына байланысты МӘСҚ-тан төлем алды -
Мүгедектігі бар адамдарды әлеуметтік қорғау бойынша қандай шаралар қолға алынды -
ҚЭҰҚ: Стихиялы қоқыс орнын ұйымдастырып, қоқыс полигонында өртке жол бергені үшін жауапкершілікті күшейту қажет -
ІІМ: Интернет алаяқтарға алданбау үшін нені білу керек -
Түркістан облысы: Өңірдегі эпиджағдай, жұмыссыздық мәселесі мен әлеуметтік-экономикалық дамуы -
ТДМ: Климаттың өзгеруі, экологиялық сауатталықты арттыру мен қоқыс тастау мәдениетін қалыптастыру мәселелері -
Жол картасы аясында 8 мыңнан астам жұмыс орны құрылды -
Ұлттық кеңес: Медицина кадрының жетіспеушілігі, ана мен баланың қауіпсіздігі және білім саласындағы мәселелер -
Жалға берілетін тұрғын үй: Алматылық жастар үшін талаптары қандай -
Ұлттық валюта күні: Теңгенің айналымға ену тарихы мен жеткен жетістіктері