Қазақстан 2014 жылы ДСҰ-ға енуді жоспарлап отыр – Ж.Айтжанова

18 Қараша, 2013 18:11
2014 жылы Қазақстанның Дүниежүзілік сауда ұйымына кіру жөніндегі техникалық құжаттарды дайындау процестері аяқаталады, деп мәлімдеді ҚР Экономикалық интеграция министрі Жанар Айтжанова Парламент Мәжілісіндегі Үкіметтік сағатта.

«Ұйымға ену мерзімі келіссөздердің жүргізілуі мен оның нәтижесіне байланысты. Қазір бізде ауылшаруашылығын субсидиялау бойынша келіссөздер жүргізілуде. Біз ауылшаруашылығы саласының даму жоспарын орта және ұзақ мерзімді көлем бойынша бір тоқтамға келгенде, еліміз ұйымға келер жылы енеді деп үміттенеміз», - деді министр.

Оның айтуынша, Қазақстан ДСҰ-ға енгеннен кейін тауарларға салынатын қазіргі экспорттық баж салығын ұстап қалмақ. Ал мұнай мен мұнай өнімдеріне салық көтерілуі мүмкін.

«Біз Қазақстанның ДСҰ-ға енгенінен кейін де қазргі экспорттық баж салығы сақтау туралы келісімге келдік. Ал мұнай мен мұнай өнімдеріне келер болсақ, экспорттық жағдайда олардың салығы артуы мүмкін», - деді Ж.Айтжанова.

Айтжанованың айтуынша, экспорттық баж 206 тауар позициясына қарастырылады. Соның ішінде мұнай және мұнай өнімдері, түсті және қара металл, аллюминий мен қорытпалар т.б. бар.

«Біз қазір Қазақстанның ДСҰ-ға енгенінен кейін алмастырылатын экспорттық баждың жоғарғы дәрежесін орнықтыру бойынша Еуроодақпен келіссөздердің ақырғы кезеңіндеміз», - деді министр.

Барлық жаңалықтар