- Басты
- Жаңалықтар
- Үштілділік – адамның өмірдегі жетістік қағидасы
Үштілділік – адамның өмірдегі жетістік қағидасы
Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев үштілділік туралы бірқатар ресми жиындарда сөйлеген сөздерінде айтты. Сонымен қатар, 2015 жылы өткен Қазақстан Халқы Ассамблеясының XXII-ші сессиясында да осы мәселеге кеңінен тоқталған болатын. Ең алғаш рет бұл идея 2006 жылы Қазақстан Халқы Ассамблеясының ХІІ -ші сессиясында айтылған еді. Ол кезде Мемлекет басшысы кем дегенде үш тілді білу біздің балаларымыздың болашағы үшін өте маңызды деген болатын.
Одан кейін, 2007-шы жылғы «Жаңа әлемдегі жаңа Қазақстан» атты Жолдауында Мемлекет басшысы «Үштілділік» жобасын кезең-кезеңмен жүзеге асыра бастау керектігін ұсынған болатын. Қазақстан халқының рухани дамуымен қатар, бұл жоба ішкі саясаттың жеке бір бағыты болды.
«Әлемде Қазақстан халқы үш тілді білетін, жоғары білімді ел ретінде танылуы керек. Бұл: қазақ тілі – мемлекеттік тіл, орыс тілі – ұлтаралық қатынас тілі және ағылшын тілі – жаһандық экономикамен сәтті ықпалдасудың тілі»,-деген еді Президент.
Қазақстандықтар мемлекеттік тілді одан әрі дамытып, орыс тіліне қолдау білдіріп, ағылшын тілін меңгерулері керек.
Елбасы 2015 жылы өткен Қазақстан Халқы Ассамблеясының XXII-ші сессиясында қазақ тілін білуге құштарлықтары артқан еліміздің барлық ұлттарына алғысын білдіріп, алдағы уақытта барлық тілдерді дамуы маңызды екенін айтқан.
Н.Назарбаев білім және ғылым министрлігі мен мәдениет және спорт министрлігіне бірлесіп «Үш тілде білім беруді дамыту жол картасын» дайындауды тапсырған болатын. Онда Мемлекет басшысы «үш тілді білу ойдан шығарылған дүние емес, бұл қажеттілік»,-деген еді.
«Қазақстандықтардың 20%-ы ағылшын тілін меңгеріп үлгерген, яғни, үштілділік – бұл жһандық өмірге жолдама, бұл жетістік қағидасы. Бұл жетістік адам өмірінің қағидасы»,-деп мәлімдеді Н.Назарбаев.
Бағдарламалық құжатта 2015-2020 жылдарға 7 стратегиялық бағыт қарастырылған: заңнамалық базаны құру, үш тілде білім беру мәселелері бойынша ғылыми қызмет, үш тілде білім беруді әдістемелік қамтамасыз ету, мамандарды дайындау және білімді жоғарылату, үш тілде білім беруді институционалды қолдау, үш тілде білім беруді ақпараттық қолдау, сонымен қатар білімді қаржыландыру.
ҚР БҒМ Болон процессі және академиялық мобильділік орталығының директоры Амантай Нұрмағамбетов «үш тілде білім беру бағдарламасы қажеттілік. Қазақ және орыс тілдері – бұлар біздің өміріміздің бір бөлшегі. Ағылшын тілі – бұл ғылымның тілі»,-деп есептейді.
Ботагоз Айтжанова
-
30 жыл: ҚР машина жасау саласы қандай жетістіктерге жетті -
Ұлттық валюта күні: Теңгенің айналымға ену тарихы мен жеткен жетістіктері -
Президент Жолдауы – жаңа міндеттер -
Қажырлы қаламгер – Қалмұқан Исабаев -
Ауыл әкімін сайлау – жергілікті басқарудың реформасы -
Отанға мінсіз қызмет ету – борышымыз -
Кәсіпкер: COVID-19-дан қорғанудың ең тиімді әдісі – вакцина алу -
Тоқаев пpезиденттiгiне – 2 жыл: Қандай маңызды шешiмдеp қабылданды -
Сарапшылар пікірі: «Президент тапсырмасы – адам құқығын қорғау тетіктерін күшейтуге бағытталған» -
Н.Дементьева: Халықтың әлеуметтік жағдайы түзелмесе, басқа жетістікпен мақтанудың қажеті жоқ -
«Ауыл – ел бесігі»: Жол, тұрғын үй мәселелері мен білім, денсаулық саласындағы өзгерістер -
Мектеп қауіпсіздігі – маңызды міндет -
Ана мен баланы қорғау – мемлекет дамуының кепілі -
Отан қорғаушылар күні: Егемендіктің қадір-қасиеті – ел тыныштығында -
Бірлік пен татулық – даму кепілі