Мәжілісте тұрақты комитеттер төрағасы сайланды

25 Наурыз, 2016 13:59
Парламент Мәжілісінің төрағасы Бақтықожа Ізмұхамбетов Парламенттің төменгі палатасының кеңейтілген отырысында Парламент Мәжілісінің тұрақты комитеттеріне үміткерлерді ұсынды.

 
Палата спикері Бақтықожа Ізмұхамбетовтың ұсынысы бойынша аграрлық мәселелер жөніндегі комитеттің төрағасы Сапархан Омаров, әлеуметтік-мәдени даму жөніндегі  - Гүлнар Исканова, Заңнама мен сот-құқықтық реформа – Нұрлан Әбдіров, қаржы мен бюджет бойынша  - Гүлжан Қарағұсова, халықаралық қауіпсіздік және қорғаныс ісі жөнінде – Мәулен Әшімбаев, экология мен өндіріс бойынша – Глеб Щегельский, экономикалық реформа мен өңірлік даму – Роман Скляр болып тағайындалды.

Индира Кауметова

 

Барлық жаңалықтар