- Басты
- Жаңалықтар
- ҚР Парламенті Мәжілісінің Төрағасы лауазымына Б.Ізмұхамбетов сайланды
ҚР Парламенті Мәжілісінің Төрағасы лауазымына Б.Ізмұхамбетов сайланды
«ҚР Парламенті Мәжілісінің Төрағасы лауазымына Бақытқожа Ізмұхамбетов ұсынылады. Ол көп жылдар бойы түрлі қызметте еңбек етті. 20 жылдан астам уақыт «Қазмұнайгазда» еңбек етті, сонынмен қатар мемлекеттік органда да жұмыс істеді. Мысалы, ҚР энергетика және минералдық ресурстар министрі. Сондай-ақ, Мәжіліс депутатының қызметімен таныс. Бұл адам өзіне қойған міндеттерді жақсы орындайды және 5 институционалдыр реформаны іске асыруда, басқа да бағдарламаларда белсене қатысты»,-деді ҚР Мәжілісінің депутаты Нұрлан Әбдіров.
Шешім бірауыздан қабылданды.
Айта кетейік, Бақытқожа Ізмұхамбетов 1948 жылы Гурьев облысы Денгіз ауданында өмірге келді. Уфаның мұнай иститутын бітірді. Техника ғылымдарының докторы.
1971-1991 жж «Эмбамұнай» бұрғылау бірлестігінде түрлы қызметте жұмыс істеді, «Қазмұнайгазбарлау» бақсармасында, Қазақ геологиялық зерттеу мұнай институтында, шетелдік іссапарда мұнайбарлау экспедиция құрамында еңбек етті.
1991-1992 жж – ҚР Геология және жер қойнауын қорғау министрлігінің басшысы
1992-1993 жж – ҚР Геология және жер қойнауын қорғау министрлігінің Мұнай және газ басқармасының бастығы
1993 жылдан бастап 2003 жылға дейін - «Қазақтүрікмұнай» бірлескен кәсіпорнның Бас директоры, «ҚазМұнайГаз»ҰК» үлес басқармасының атқарушы директоры, «ҚазМұнайТеңіз» Теңіз мұнай компаниясының Бас директоры, «ҚазМұнайГаз»ҰК» акцияларын басқару жөнінде бірлескен кәсіпорын басқарушы директоры.
2003 жылдың желтоқсан айы мен 2006 жыл – ҚР Энергетика және минералдық ресурстардың бірінші вице-министрі.
2006-2007 жж. - ҚР Энергетика және минералдық ресурстар министрі
2007 жылдан 2012 жылға дейін – Батыс қазақстан облысының әкімі
2012 жылдың қаңтар айынан – 5 шақырылымдағы ҚР Парламент мәжілісінің депутаты, ҚР Парламент Мәжілісі төрағасының орынбасары.
2012 жылдың 15 тамыз айынан бастап Атырау облысының әкімі болып істеді.
«Құрмет» ордені, ІІ дәрежелі «Барыс» ,«Петра Великого» І дәрежелі (Ресей), «За заслуги» (Украина) марапатталды.
Ағылшын және түрік тілдерін біледі.
Анар Тәңірқұлова
-
30 жыл: ҚР машина жасау саласы қандай жетістіктерге жетті -
ҚР-дағы жұмыс күшінің саны 2050 жылға қарай шамамен 11,4 млн адамды құрайды -
Дін істері комитетінің төрағасы діни бостандықтың халықаралық саммитіне қатысты -
ҚР энергетика саласы: Мұнай-газ саласы, жер қойнауын пайдалану және электр энергетикасы -
ҚР экологиясы: Ауаның ластануы, қоқыс жағатын зауыттар мен су мәселесі -
ҚР экономикасы: Бес айда не өзгерді -
ТЖМ: шомылу маусымы, Риддердегі өрт пен Алматыдағы жер сілкінісінің алдын алу -
Мәжіліс отырысы: қашықтан жұмыс істеу, фeльдъeгepлік байланыс және жер қатынастары туралы Заңдар -
ҚР экономикасы: ЖІӨ, инвестиция, сыртқы сауда және экономикалық белсенділікті ынталандыру шаралары -
ҚР Энергетикасы: Электронды аукцион мен өткізу процесін жетілдіру және цифрланатын жобалар -
ҚР Денсаулық сақтау жүйесі: көлік медицинасы, дәрігерлер жалақысы, ана өлімі, пандемиямен күрес шаралары -
Мәжіліс отырысы: әлеуметтік кәсіпкерлік, «Ashyq» қосымшасының кемшіліктері, қандастардың ҰБТ тапсыруы -
ҚР Ұлттық ұланы қандай қызмет атқарады -
ҚР Денсаулық сақтау министрі Цой мен вице-министр Шоранов QAZVAC салдырды -
Нотариат саласындағы реформалар: жылжымайтын мүлік құқықтары, цифрланған нотариус