- Басты
- Жаңалықтар
- Н.Назарбаев: Қазақстанда 10 жыл ішінде 660 мың жаңа жұмыс орны құрылады
Н.Назарбаев: Қазақстанда 10 жыл ішінде 660 мың жаңа жұмыс орны құрылады
«Бизнесті дамыту мүддесі үшін экономика мен еңбек қатынастары саласындағы ұлттық заңнама қайта түрленді. Фермерлер мен аграрлық кәсіпорындарды қоса алғанда отандық ірі, орта және шағын бизнес үшін барынша жайлы шарттар мен ынталандыру тетіктері құрылды. Бүкіл елде жаңа өндірістер мен жаңа жұмыс орындары пайда болуда. Таяу 10 жылда 660 мың, оның ішінде қайта өңдеу мен инновациялық секторларда 70 мың жаңа жұмыс орындары құрылады», - деді ҚР Президенті.
Елбасының атап өтуінше, Қазақстан экономикасына жаңа инвестициялық серпін берілді. Еліміз бизнес жүргізу жеңілдігі индексінде әлемнің 189 елі арасында 41-ші, ал еңбек нарығының тиімділігі бойынша 140 елдің арасында 18-ші орында тұр.
«Шетелдік инвесторларға жасыл дәліз ашық. Аграрлық секторға Германиядан, Италия мен Қытайдан стратегиялық инвесторлар жұмылдырылған. Олар Ақмола облысының екі ірі сүт өнімдері фермасының құрылысына қатысады, сонымен қатар ШҚО, Ақтөбе облысы, БҚО, Қостанай облыстарында жыл сайынғы 37 мың тонна қуаттылықпен ірі заманауи ет комбинатының жобасына»,-деді Елбасы.
Сонымен қатар ҚР Президенті осы кәсіпорындардардың жалпы инвестициясы шамамен 66 миллиард теңгені құрайтындығын атап өтті.
Анар Тәңірқұлова
-
30 жыл: ҚР машина жасау саласы қандай жетістіктерге жетті -
Тұңғыш президент күні: Елбасының 10 басты шешімі -
Қазақстан сыртқы саясатының 30 жылдық белестері -
95 мыңға жуық адам жұмысынан айырылуына байланысты МӘСҚ-тан төлем алды -
«Жаңа гуманитарлық білім. Қазақ тіліндегі 100 жаңа оқулық» жобасының жүзеге асуы -
ДСМ: Қазақстанда коронавирус жұқтыру 2,4 есеге азайды -
Президент тапсырмасы: Жаңа жылдан бастап кімдердің жалақысы өседі -
ҚЭҰҚ: Стихиялы қоқыс орнын ұйымдастырып, қоқыс полигонында өртке жол бергені үшін жауапкершілікті күшейту қажет -
Қазақстанда ревакцинациялау науқаны басталды -
Түркістан облысы: Өңірдегі эпиджағдай, жұмыссыздық мәселесі мен әлеуметтік-экономикалық дамуы -
АШМ: Қазақстанда дәнді және дәнді-бұршақты дақылдарды жинау аяқталды -
Astana Hub: IT-стартаптарды дамыту, оқыту және қаржыландыру -
Жол картасы аясында 8 мыңнан астам жұмыс орны құрылды -
ЖОО-ларды қаржыландыру, академиялық адалдық саясаты және оқытушылар жалақысы -
Қазақстанда Pfizer вакцинасымен кімдер егіледі, қайда және қалай жүзеге асады