• Басты
  • Ақтөбеде “Қолжетімді баспана” тұрғын үй кезегінде тұрғандарға пәтерлердің кілттері табысталды
25 Наурыз, 2016 13:56

Ақтөбеде “Қолжетімді баспана” тұрғын үй кезегінде тұрғандарға пәтерлердің кілттері табысталды

Наурыз мейрамын мерекелеу қарсаныңда қала әкімінің ғимаратында «Қолжетімді баспана» мемлекеттік бағдарламасының «Қазақстан ипотекалық компаниясы» ипотекалық ұйымы» акционерлік қоғамы тұрғын үйі бағыты бойынша салтанатты түрде пәтерлердің кілттерін табыстау өткізілді, деп хабарлады облыстың ішкі саясат басқармасы.
Ақтөбеде “Қолжетімді баспана” тұрғын үй кезегінде тұрғандарға пәтерлердің кілттері табысталды

Ақтөбе қаласының әкімі Бекбол Сағын қатысушыларды келе жатқан мерекелерімен құттықтап жергілікті атқарушы органның кезекте тұрған 17 азаматқа 12 мөтек ауданындағы «Кендала» тұрғын үй кешеніннен және 41 разъездегі «Алтын дала» тұрғын үй кешенінен пәтерлердің кілттерін табыстады.

Жалдамалы пәтерлер жергілікті атқарушы органда кезекте тұрған бюджеттік ұйымның қызметкерлеріне, мемлекеттік қызметкерлерге, көп балалы отбасыларға, мүгедек балалары бар отбасыларға, жетім, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға, толық емес отбасыларға, әскери қызметшілеге берілді.

Аталған бағдарлама бойынша үміткерлердің тізімі кезектегі азаматтардан құжаттар қабылданғаннан кейін қала әкімдігі жанындағы комиссиясымен құрылып, «Бәйтерек» Ұлттық басқарушы холдингі АҚ Қазақстан ипотекалық компаниясына төлем қабілеттіліктерін тексеру үшін жолданды. Төлем қабілеттіліктерін растаған азаматтар бүгін тұрғын үй алуда. Тағы 20 азамат осы тұрғын үйлерден пәтер алу үшін төлем қабілеттіліктерін растауда.

«Кендала» және «Алтын дала» тұрғын үй кешеніндегі тұрғын үйдің орташа құны 1 шаршы метрі үшін айына 901 теңге және 913 теңге. Жалдамалы тұрғын үй алдын ала төлемсіз, сатып алу құқығымен 20 жылдық мерзімге беріледі. Бұл мерзім өткеннен кейін тұрғын үй жалға алушының жеке меншігіне өтеді. Тұрғын үйді 5 жыл жалдағаннан кейін қалдық құны бойынша ай сайынғы қалған жалдау ақысымен сатып алуға болады.

Қазіргі уақытта 18 наурызға дейін кезектегі азаматтардан «Батыс-1» мөлтек ауданындағы 192 пәтерге және Ленинградская көшесіндегі 9 пәтерге электрондық нұсқада құжаттар қабылдануда.

Сонымен қатар, «Жас отбасыларға араналған тұрғын үй» бағдарламасы бойынша «Нұр Ақтөбе» ауданындағы 234 пәтерге азаматтардың төлем қабілеттіліктерін тексеру бойынша жұмыстар жалғасуда.

Қала әкімі Б.Сағын атап өткендей, Ақтөбе қаласында Мемлекет басшысының айтылған бастамаларын жүзеге асыру барысында тұрғын үй құрылыс бағдарламалары жүзеге асырылып, 2013 жылдан бастап бүгінгі күнге дейін 4 215 отбасы баспаналы болды.

Және де бұл жұмыстар өз жалғасын табатын болады. Қалада тұрғын үй кезегінде 17 000 нан астам азамат тұр.

Бекбол Ұбайдоллаұлы айткандай, 2016 жылы «Нұр Ақтөбе» ыкшам ауданында "Тұрғын үй құрылыс жинақ" жүйесі бойынша құрылысы өткен жылы басталған 540 пәтерлік 3 үй (10 блок-секция) тапсырылатын болады.

Қосымша антикризистік бағдарлама аясында облысымызға қосымша қаражат келетін болады. «Нұр Ақтөбе» тұрғын массивінің 3 және 4 мөлтек аудандарында жалдамалы тұрғын үйлерді салу қарастырылған. 1728 пәтерлік 9 тұрғын үйді салу жоспарлануда.

ҰСЫНЫЛАДЫ
Барлық жаңалықтар
дерекнама 2050

ШОБ ЖІӨ көлемінің 50 пайызынан артығын өндіреді

Еңбек өнімділігі 126 мың долларға дейін көтеріледі 3-тен 6 жасқа дейінгі балаларды 100 пайыз мектепке дейінгі біліммен қамту

Қазақстан өз нарығын жаңа экологиялық стандарттарға сай келетін жанар-жағармаймен толықтай қамтамасыз етеді

Жалпы экспорт ішінде шикізат емес экспорттың көлемі екі есеге, 2040 жылы үш есеге артады

Әліпбиімізді латын қарпіне көшіру ісі басталады

Қазақстандықтардың 95 пайызы қазақ тілін меңгеруі тиіс

15 пайыз егістік алқаптарына суды үнемдеу технологиялары енгізіледі

Халықты ағын сумен қамту мәселесі шешіледі

Адам басына шаққандағы ЖІӨ көлемі 60 мың долларға көтеріледі

ҚР тұрғындарының үлесі халықтың 70 пайызын құрайды