- Басты
- Жаңалықтар
- Қазақстанда 2 ай ішінде паротитпен сырқаттану көрсеткіші 25 пайызға төмендеді
Қазақстанда 2 ай ішінде паротитпен сырқаттану көрсеткіші 25 пайызға төмендеді
Ағымдағы жылдың 2 айында ауру көрсеткіші өткен жылғы сәйкес кезеңмен салыстырғанда 25%-ға төмендеді (2015 жылдғы 2 айда 100 мың тұрғынға 8 жағдай, 2016 жылғы 2 айда 100 мың тұрғынға 6 жағдай).
“Індетті паротитті халық арасында «свинка» деп атайды. Ауру ауа-тамшылы жұқпа жолмен сыртқы ортадағы тұрақсыз вирус арқылы туындайды. Сонымен қатар, зақымдану күнделікті тұрмыс бүйымдары, ойыншықтар, жұқпалы ауруға шалдыққан адамның сілекейі арқылы да болуы мүмкін. Аурудың қажалып кеткен түрлері де жиі кездеседі. Мұндай жағдайда ауруға шалдыққан адамдар жанындағыларға зор қауіп төндіреді. Ауруға 3 пен 15 жас аралығындағы балалар, сондай-ақ ересектердің де шалдығуы мүмкін”, - делінген хабарламада.
Ауру өте ауыр жағдайда басталады. Ауырған адамның жалпы жағдайы нашарлап, тәбеті төмендейді, басы ауырып, қалшылдай бастайды. Балалар ауыздарын ашқанда, шайнағанда ауыру сезілетіндігіне, ауыз қуысындағы құрғақтықтың пайда болуына шағымданады. Құлақ жанындағы сілекей бездері, сонымен қатар, жақ асты және тіл асты бездері жиі зақымданады. Дененің қызуы 5-7 күн бойы сақталады.
Індеттік паротитпен зақымданудың қатты асқынуға ұласуы жиі кездеседі. Оған ағза бездерінің зақымдануы (қалқанша, ұйқы, жыныс т.б. бездер), жүйке жүйесінің аурулары (менингит, энцефалит) және т.б. жатады. Аурудың салдарынан диабет, семіздік, ер адамдардың бедеулігі мен аталық безінің атрофиясы, әйелдердің бедеулігі мен етеккір циклінің бұзылуы орын алуы мүмкін.
Балалар ауруының негізгі алдын-алу шаралары вакциналау болып табылады. Қазіргі таңда қызылша, қызамық, індетті паротиттің әлсіз вирустары «бір құтыда» топтасырылған вакциналардың біріктірілген түрі көпшілік көңілінен шығып жүр.
Вакциналаудан бас тарту індетке бейім адамдардың санын арттырып, ауру ошағының пайда болуына себепкер болуы мүмкін.
-
Қосшы қаласында «Алтын домбыра» айтысы өтті -
Н.Назарбаев: Туған халқымның сенімін ақтау үшін бар күш-жігерімді аянбай жұмсадым -
30 жыл: ҚР машина жасау саласы қандай жетістіктерге жетті -
Қазақстан мен әлемдегі эпидемиологиялық жағдай: «Омикрон» штамы әлемнің 20 мемлекетінен табылды -
ДСМ: Omicron штамының таралуын болдырмау мақсатында қандай шектеулер енгізіледі -
ТЖМ: Газ баллондар мен газ жабдықтарын қалай пайдалану керек -
ІІМ: Учаскелік инспектордың рөлі, құзыреті және халықпен кері байланыс -
«Аңсаған сәби» бағдарламасына кімдер қатыса алады және іріктеу қалай жүреді -
Шетелдік интернет-компаниялардың қызметтеріне «цифрлы салық» салу қалай жүзеге асады -
Әскердегі сарбаздар қандай мамандықтарды меңгереді -
95 мыңға жуық адам жұмысынан айырылуына байланысты МӘСҚ-тан төлем алды -
Мүгедектігі бар адамдарды әлеуметтік қорғау бойынша қандай шаралар қолға алынды -
Жергілікті қамтуды дамыту: Инвестиция қоры, қосылған құн салығы мен мұнай-газ саласы -
ДСМ: Қазақстанда коронавирус жұқтыру 2,4 есеге азайды -
Қазақстанда ревакцинациялау науқаны басталды