- Басты
- Жаңалықтар
- ҚР-да ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерді орынды қолдану қамтамасыз етіледі
ҚР-да ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерді орынды қолдану қамтамасыз етіледі
«Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 2 қарашадағы «Қазақстан Республикасының Жер кодексіне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Заңымен (бұдан әрі - Заң) Жер кодексіне түзетулер енгізілді.Жаңа құқықтық нормалар АПК жұмыс істейтін субъектілеріне олармен жалға алынған жерлерді кадастрлық құнының 50 % мөлшерінде айқындалатын жеңiлдiк бағамен 10 жылға дейін бөліп төлеу арқылы алуға болады.Сонымен қатар, шетелдік инвесторларға да преференциялар белгіленген: шетелдік компаниялар үшін жерді жалға беру мерзімі 10 жылдан 25 жылға дейін ұзартылған», - делінген хабарламада.
Жер кодексіне енгізілген түзетулер көздейді:Мемлекет меншігіндегі ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер учаскелерін жеке меншікке аукцион арқылы беру.Жер учаскелері ҚР жеке және заңды тұлғаларына жеке меншік құқығымен мынадай ретпен аукциондарда сату арқылы беріледі:жер учаскесінің кадастрлық (бағалау) құнын арттыруды көздейтін аукцион арқылы.
«Жер пайдаланушыларға бұрын берілген ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер учаскелерін жалдау мерзімі аяқталғанға дейін 10 жылға дейін бөліп төлеу арқылы, олардың кадастрлық құнының 50 % мөлшерінде айқындалатын жеңiлдiк бағамен жеке меншікке сатып алуға құқық береді.Норма жерді пайдаланушыларға жалға алу құқығымен құқықтық мәмілелер жасасуға, атап айтқанда, банкке кепілге беруге, жалдау мерзімі ішінде иеліктен шығаруға (қосалқы жалдауға табыстаудан басқа) мүмкіндік береді», - делінген хабарламада.
Заңмен енгізілген өзгерістер 2016 жылғы 1 шілдеден күшіне енеді. «Заңның қабылдануы аграрлық сектордың дамуына, жұмыс орындарын құруға, сондай-ақ ауыл шаруашылық өндірісіне қосымша инвестицияларды тартуға мүмкіндік туғызады».
Айта кетейік, Жер кодексінің 97-бабының 1-тармағына сәйкес ауыл шаруашылығының қажеттері үшін берілген немесе осы мақсаттарға арналған жер ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер деп танылады.
Индира Кауметова
-
Қай қалалардың әуежайында цифрлы жеке куәлікті қолдануға болады -
Биыл қанша ауыл ауыз суға қол жеткізеді -
Жылыту маусымы: Өрт қауіпсіздігі қалай қамтамасыз етіледі -
Ауыл әйелдерінің форумы: Әйел кәсіпкерлерді қолдау шаралары және грант алған жобалар -
«Ауыл - Ел бесігі» жобасы:Ауыл тұрғындарының өмір сүру сапасы мен әл-ауқатын жақсарту қалай жүзеге асырылады -
Сотталғандарға қандай медициналық көмек көрсетіледі -
Жолдау-2021: Экономиканың сапалы өсуін қамтамасыз ету шаралары -
Алматыда мүмкіндігі шектеулі адамдарға қандай көмек көрсетіледі -
ІІМ: Жамбыл облысындағы жарылыс және балалардың жолдағы қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселелері -
Медицина ұйымдарын дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету мәселелері -
Ауыл әкімдерін сайлау қалай өтіп жатыр -
Ауыл әкімін сайлау – жергілікті басқарудың реформасы -
Edtech форумы: Білім беруде инновациялық технологияларды қолдану мәселесі талқыға түсті -
Әйелдердің ауыл мен ауыл шаруашылығын дамытудағы рөлі -
Сайлау-2021: Ауыл әкімін сайлауды ұйымдастыру, кандидаттарды тіркеу және өту барысы