• Басты
  • Жаңалықтар
  • Шығыс Қазақстан облысының жеті станциясы оптикалық талшықты байланыс желісіне қосылды

Шығыс Қазақстан облысының жеті станциясы оптикалық талшықты байланыс желісіне қосылды

24 Наурыз, 2016 18:04
Шығыс Қазақстан темір жол бөлімшесінің жеті станциясы оптикалық талшықты магистральдық байланыс желісіне қосылды, деп хабарлады «ҚТЖ» АҚ баспасөз қызметі.

Бұл өңірді оптикалық-талшықты байланыс желісіне қосу жобасы «Соңғы миль» аясында атқарылды.

Бұл өз кезегінде тиісті ақпараттың жылдамдығы мен сенімділігін күшейтеді. Сонымен қатар автоматтандырылған қондырғылармен (АРМ) жұмыс орны көбейеді.

Шығыс Қазақстан жол бөлімшесі автоматтандырылған станция басқармасының бөлім бастығы Елена Шарапанюктің айтуынша, жаңа оптикалық талшықты байланыс желісіне Неверовская, Шемонайха, Жаңа Өскемен, Каменогор, Коршунов станциялары қосылды.  Қазіргі кезде (АЖБ) ақпараттық жүйенің желілік бөлімінің қызметкерлері оптикалық талшықты желіге Защита-Лениногор станциясының телімдерін қосып жатыр.

Бүгінге дейін өңірдегі 16 станцияның 14-і осы магистральдық оптикалық талшықты байланыс желісіне қосылды. Облыстағы темір жол бойымен жүргізілген оптикалық талшықты желінің жалпы ұзындығы 550 шақырымға жетіп отыр.

Барлық жаңалықтар