• Басты
  • 2016 жылы жұмыспен қамтуға жәрдемдесу шаралары бойынша 18 мың ақтөбелік жұмыспен қамтылады
24 Наурыз, 2016 17:42

2016 жылы жұмыспен қамтуға жәрдемдесу шаралары бойынша 18 мың ақтөбелік жұмыспен қамтылады

2016 жылы жұмыспен қамтуға жәрдемдесу шаралары бойынша 18 мың ақтөбелік жұмыспен қамтылатын болады. Бұл туралы Ақтөбе облысының жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің бастығы Алтынбек Әмірғалиев «Ақтөбе ақпарат» ақпараттық орталығында өткен баспасөз-конференциясында айтты.

2016 жылы жұмыспен қамтуға жәрдемдесу шаралары бойынша 18 мың ақтөбелік жұмыспен  қамтылады | Strategy2050.kz

Сонымен қатар, ведомствоның 2015 жылғы қорытынды жұмыстары мен 2016 жылға қойылған тапсырмалар талқыланды.

Оның айтуы бойынша, 2015 жылы, халықты жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің Кешендік жоспарына сәйкес,  16 151 адамды қамтамасыз ету жоспарланған. Құжатта жұмыс орындарын құру, жұмыссыздарды оқыту және өзін-өзі басқаруды жүзеге асыру арқылы және салалық бағдарламаларды қарастырады. Жыл қорытындысы бойынша жоспар 129,6 пайызға орындалды. Жалпы алғанда 20 925 адам жұмыспен қамтылды.

«Жұмыспен қамтудың жол картасы-2020» бағдарламасында 3 791 адам қатысты, оның ішінде 2 387 жұмыссыздар және 1 404 өзін-өзі қамтығандар. Сонымен қатар 29 жастағы жастар 50,1 пайызды құрайды. Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек 7 232,2 мың теңгенің 69 ауылда тұрып жатқан  270 аз қамтылған азаматтарына тағайындалған, тұрғын үйді 53,7 млн теңгенің 3 364 отбасысы алды, 6 535 отбасыда тұрып жатқан 18 жасқа дейінгі 18 256 бала 304 млн теңге жәрдемақы алды»,-деді А.Әмірғалиев.

2015 жылдың 1 шілдесінен бастап Мартұқ, Мұғалжар аудандарында және Ақтөбе қаласында пилоттық режимінде  еңбекке деген ынтасын арттыруды жақсарту үшін және сол уақытта аз қамтылған азаматтарды әлеуметтік қолдауды нығайтуда «Өрлеу» бағдарламасы іске қосылды, оның аясында 25 отбасының 123 адамы 3,9 млн теңге көлемінде ақшалай көмек алды.

Кешендік жоспарға сәйкес, 2016 жылы жұмыспен қамтуға жәрдемдесу шаралары бойынша 18 мың адамды қамтамасыз ету жоспарланған, оның ішінде 12 мыңы жұмыссыздар және 6 мыңы өзін-өзі өнімсіз жұмыспен қамтығандар.

Ведомствоның мамандары «Жұмыспен қамту жол картасы-2020» жұмысын жандандыруға ниетті.

ҰСЫНЫЛАДЫ
дерекнама 2050

ШОБ ЖІӨ көлемінің 50 пайызынан артығын өндіреді

Еңбек өнімділігі 126 мың долларға дейін көтеріледі 3-тен 6 жасқа дейінгі балаларды 100 пайыз мектепке дейінгі біліммен қамту

Қазақстан өз нарығын жаңа экологиялық стандарттарға сай келетін жанар-жағармаймен толықтай қамтамасыз етеді

Жалпы экспорт ішінде шикізат емес экспорттың көлемі екі есеге, 2040 жылы үш есеге артады

Әліпбиімізді латын қарпіне көшіру ісі басталады

Қазақстандықтардың 95 пайызы қазақ тілін меңгеруі тиіс

15 пайыз егістік алқаптарына суды үнемдеу технологиялары енгізіледі

Халықты ағын сумен қамту мәселесі шешіледі

Адам басына шаққандағы ЖІӨ көлемі 60 мың долларға көтеріледі

ҚР тұрғындарының үлесі халықтың 70 пайызын құрайды