- Басты
- Жаңалықтар
- Қазақстандық десантшылар «АрМИ-2016» сайысында өзге елдердің жауынгерлерімен бақ сынасады (ФОТО)
Қазақстандық десантшылар «АрМИ-2016» сайысында өзге елдердің жауынгерлерімен бақ сынасады (ФОТО)
Десантты түсіру, таулы жерде барлау, жауынгерлер мен қару-жарақты бір жерден екінші жерге көшіру – бұл десант биатлоны қатысушыларының негізгі іс-қимылдары. Дайындық процесінде әскери қызметшілер Текелінің жер бедерін бағындырды, әуе десанттауды, қаруды ұстау және қарсылас тылында ұрысты жүргізуді пысықтады.
Одан басқа, таулы жерде барлауда жауынгерлердің дайындығы тексерілді. Мұнда әскери қызметшілер табиғи бөгеттерден кедергілер жолағын еңсеру тапсырмасын орындауы қажет еді.
«Біз тігінен шыңға шығуды пысықтадық. Бұл маңызды жаттығу. Ол үшін мықты мінез және биіктіктен қорықпау керек. Осы жаттығуды орындау кезінде командалық жұмысымыз тексеріледі», - деді 48386 әскери бөлімінің әскери қызметшісі кіші сержант Рамазан Ерғали.
«Армия халықаралық ойындары – 2016» ауқымды сайысқа дайындалумен қатар әскери қызметшілер «Эльбрус шығыршығы – 2016» халықаралық додасына қатысу үшін өздерінің жауынгерлік даярлық деңгейін жаттықтыратынын айта кетейік. Аталмыш жарыс Ресей Федерациясында өтеді. Теңіз деңгейіндегі 5 642 метр биіктікте орналасқан ғаламшардың ең биік шыңдарының бірі Эльбрусты бағындыру үшін өзге елдердің мықты әскери альпинистерімен күш сынасуда әскери қызметшілер құзға өрмелеу, таулы өзендер арқылы өткелден өту, арқан арқылы өту және таулы жерде жаралыны көшіру іспетті элементтерді пысықтайды.
-
ТДМ: Климаттың өзгеруі, экологиялық сауатталықты арттыру мен қоқыс тастау мәдениетін қалыптастыру мәселелері -
Ғылымдағы жаңашылжықтар: Не өзгерді -
«Startup Bolashaq» бизнес-жобалар байқауы: Жобаға қандай өзгерістер енгізілді -
30 қазақстандық компания «Жасыл кеңсе» конкурсының жеңімпазы атанды -
Бақытжан Мәуленбердиев: Құтқарушы ең алдымен ержүрек әрі батыр болу керек -
Халықты әлеуметтік қорғаудың қазақстандық моделі -
Жыл басынан бері қазақстандықтарға 2 трлн-тан астам теңгеге зейнетақы төленді -
Жануарларды қорғау: Заң жобасындағы өзгерістер мен жануарларды ұстау кезіндегі қойылатын талаптар -
Қоғамдық кеңестердің қызметі, заңға енгізілген өзгерістер мен Kazkenes.kz порталының жұмысы -
Зейнетақы жүйесіне қандай өзгерістер енгізілмек -
«Astana Media Week»: Отандық БАҚ-тың дамуы, стратегиясы және фейк ақпаратпен күрес шаралары -
Үйде арнаулы әлеуметтік қызмет ала алатын қазақстандықтардың тізбесі кеңейтілді -
Аида Балаева: Пандемияның салдары әлем келбетін өзгертті -
Азаматтарды әлеуметтік қорғау: Заң жобасына енгізілген өзгерістер мен оның мүмкіндіктері -
Жыл басынан бері қазақстандықтарға 1,7 трлн-тан астам теңгеге зейнетақы төленді