• Басты
  • Жаңалықтар
  • Кәсіпкерлікті жеңілдету үшін ҚР-ның 50-ден астам заңына өзгерістер енгізілді – Ж.Айтжанова

Кәсіпкерлікті жеңілдету үшін ҚР-ның 50-ден астам заңына өзгерістер енгізілді – Ж.Айтжанова

18 Қараша, 2013 17:35
Мәжілістегі Үкіметтік сағатта экономикалық интеграция министрі Жанар Айтжанова ҚР-ның заңнамасын ДСҰ Келісіміне сәйкестендіру жұмыстары туралы айтты.

«2004 жылдан бері Үкімет Парламентпен біріге отырып кәсіпкерлікпен айналысуды жеңілдету мақсатында және де Қазақстанның инвестициялық климатын жақсарту үшін қазақстандық 520-ден астам заңға өзгерістер енгізілді», - деп мәлімдеді Ж.Айтжанова.

Сонымен қатар, сыртқы саудаға қатысты КО аясында қабылданған 10 келісімді өзгерту жұмыстары да жүргізілген.

Кедендік әкімшілік, салық саясаты саласындағы заңнаманы өзгерту аталмыш саладағы жұмыстар мен қатынастарды барынша жария және ашық, кәсіпкерлікке оңтайлы етуге мүмкіндік берді.

Өз кезегінде валюталық бақылау шартын оңайлату, тауар импортын лицензиялау, мемлекеттік монополияларды қысқарту, сонымен қатар заңды тұлғаларды тіркеуде мемлекеттік процедуралар жұмыстарын барынша оңтайландыру сауда саласында әкімшілік кедергілерді жоюға бағытталған.

Мысалға, жоғарыда көрсетілген жұмыстар нәтижесінде тауар импортына берілетін лицензияның уақыты 30 күннен 15 жұмыс күніне дейін қысқарды.

Министрдің айтуынша, 2011 жылдан бастап дәрі-дәрмек пен фармацевтикалық субстанцияларды импорттаудың мемлекеттік лицензиясы талап етілмейтін болды. Ал 2012 жылдан бастап алкогольдік өнім мен этил спиртін импорттауға лицензия сұралмайды.

Барлық жаңалықтар