- Басты
- Жаңалықтар
- Шымкентте Түрік кеңесі елдері туроператорларының консорциумын құру туралы меморандумға қол қойылды.
Шымкентте Түрік кеңесі елдері туроператорларының консорциумын құру туралы меморандумға қол қойылды.
Жиында «Жаңа заманғы Жібек Жолы» бірыңғай туристік өнім бағдарламасын құру жайы талқыланып, оның халықаралық туристік нарықта даму мәселесі қаралды.
Басқосуда аталған бағдарламаның халықаралық әуе тасымалының құны ескерілген таныстырылымы өтіп, Жібек жолының жүрегі саналатын Оңтүстік Қазақстан облысының туристік әлеуеті жайлы сөз болды.
«Түркі тілдес елдер кеңесі секретариаты тарапынан «Жаңа заманғы Жібек жолы» бірыңғай туристік өнімінің маркетингтік стратегиясының жол картасының тұсау кесері жасалды. 2016 жылғы Түрік кеңесі елдерінің қызмет көрсету сапасын жақсарту мақсатында қатысушы мемлекеттерге Түркия Республикасының мәдениет және туризм министрлігі әзірлеген бағдарлама көрсетілді», - делінген хабарламада.
Жиын ясында «Экспо-2017» көрмесі кеңесшісінің орынбасары Роза Асанбаева халықаралық «Экспо-2017» көрмесі кезінде пойыз-қонақ үйдің Қазақстан бойынша экскурсиялық турының бастау алатынын айтты.
Отырыс соңында Түрік кеңесі елдері туроператорларының консорциумын құру туралы меморандумға қол қойылды.
-
Мүгедектігі бар адамдарды әлеуметтік қорғау бойынша қандай шаралар қолға алынды -
Қай қалалардың әуежайында цифрлы жеке куәлікті қолдануға болады -
Биыл қанша ауыл ауыз суға қол жеткізеді -
Ауыл әйелдерінің форумы: Әйел кәсіпкерлерді қолдау шаралары және грант алған жобалар -
Елордада «Ататүрік» саябағы аумағында 350 түп ағаш егілді -
Пациентті қолдау қызметі қалай жұмыс істейді -
Экспортты қолдау және электронды сауданы дамыту шаралары -
Орта Азия елдеріндегі көміртегі бейтараптығына қол жеткізу бойынша бірлескен іс-шаралар -
Қарттар күні: Зейнеткерлерді әлеуметтік қолдау шаралары -
COVID-19: Әлемнің қай елдерінде балаларға вакцина салуға рұқсат етілді -
Отандық өнеркәсіп салаларының дамуы және мемлекеттік қолдау шаралары -
Тоқаев COVID-19-дан кейінгі қалыпқа келу, климат дағдарысы және Ауғанстандағы гуманитарлық жағдай туралы -
ІІМ: Терроризм актілері туралы жалған хабарламаларды ашу және тергеу шаралары -
Тимур Мұратов жолдау, қалалалық денсаулық сақтау саласы және кадр тапшылығын азайту шаралары туралы -
COVID-19: Әлем елдерінде коронавирус жұқтырғандар саны күрт артты