- Басты
- Жаңалықтар
- ҚР ІІМ және РФ ТЖМ арасында ынтымақтастықты жандандыру туралы хаттамаға қол қойылды
ҚР ІІМ және РФ ТЖМ арасында ынтымақтастықты жандандыру туралы хаттамаға қол қойылды
Кездесу барысында ведомство басшылары ынтымақтастықты жандандыру туралы хаттамаға қол қойды.
Хаттама халықты төтенше жағдайлардан қорғау саласында қазақстан-ресей арасындағы өзара іс-қимыл жасасу деңгейін арттыруға бағытталды.
Онда екі елдің тиісті ведомстволарының апатты оқиғаларды болжау, алдын алу және салдарын жою мәселелері бойынша ынтымақтастығын жандандыру көзделеді.
Сонымен бірге Хаттамада халықты және аумақты табиғи апаттардан, техногендік апаттардан қорғау саласында тәжірибе алмасу, сондай-ақ төтенше жағдайларға ықпал ету мәселелерінде кешенді шараларды пысықтау мақсатында тұрақты түрде кездесулер мен кеңейтілген кеңестер өткізу шаралары қамтылған.
Трансшекаралық сипаттағы төтенше жағдайлардың алдын алу мақсатында шекаралық деңгейде өзара іс-қимыл жасасуға ерекше назар аударылатын болады.
Кездесу достық жағдайда өтті және төтенше жағдайлардың алдын алу және салдарларын жою бойынша жан-жақты өзара іс-қимыл жасасуды арттыруға екі тараптың да мүдделі екенін көрсетті.
-
30 жыл: ҚР машина жасау саласы қандай жетістіктерге жетті -
ТЖМ: Газ баллондар мен газ жабдықтарын қалай пайдалану керек -
Мектеп оқушылары арасында үздік ораторлар белгілі болды -
ІІМ: Учаскелік инспектордың рөлі, құзыреті және халықпен кері байланыс -
«Аңсаған сәби» бағдарламасына кімдер қатыса алады және іріктеу қалай жүреді -
COVID-19: Оңтүстік Кореяда коронавирус күшейді, Францияда балалар арасында вирус жұқтырғандар саны артуда -
ЖИТС және АИТВ: Ауруды алдын-алу мен емдеу шаралары -
Жастар арасындағы суицид: Алдын алу шаралары -
Мүгедектігі бар адамдарды әлеуметтік қорғау бойынша қандай шаралар қолға алынды -
Қай қалалардың әуежайында цифрлы жеке куәлікті қолдануға болады -
ІІМ: Интернет алаяқтарға алданбау үшін нені білу керек -
Қазақстанның сыртқы саясаты: Экономикалық дипломатия, геосаяси жағдай, экспорт және инвестиция -
АШМ: Қазақстанда дәнді және дәнді-бұршақты дақылдарды жинау аяқталды -
Astana Hub: IT-стартаптарды дамыту, оқыту және қаржыландыру -
Ұлттық кеңес: Медицина кадрының жетіспеушілігі, ана мен баланың қауіпсіздігі және білім саласындағы мәселелер