- Басты
- Жаңалықтар
- Н. Жазылбеков: Біз тек қана сауданы қолдасақ, импорттық тауарды қолдаймыз
Н. Жазылбеков: Біз тек қана сауданы қолдасақ, импорттық тауарды қолдаймыз
Өздерiңiзге белгілі, Мемлекет басшысы 2013 жылғы 11 қазанда Үкiметтiң кеейтiлген отырысында сөйлеген сөзiнде «Бизнестiң жол картасы 2020» бағдарламасы аясында Ақмола, Қарағанды, Шығыс Қазақстан және Оңтүстiк Қазақстан облыстарына тиесiлi 43 аудан мен қалада кәсiпкерлерге несиелердiң пайыздық мөлшерiн субсидиялау бойынша грант берiлмегенiн баса айтқан болатын.
«Ал қазiргi таңда осы кемшiлiктердi жоюдың орнына ҚР Өңiрлiк даму вице-министрi жақында бұқаралық ақпарат құралдарына аталған бағдарламаның сәтсiз болуы отандық iрi кәсiпкерлердiң қатысуы себеп болды деп мәлiмдеме жасады. Сонымен қатар, бағдарлама аясында мемлекеттiк субсидиялауды тоқтатып, алдағы шағын несиелеу кепiлдiгiне өтетiнiн айтты. Бiздiң ойымызша бұл еш негiзсiз», - дедi партия өкiлi.
Ол қазiргi таңда мемлекет отандық өндiрушiлердi емес, импорттаушыларды қолдап отырғанын айтты.
«Өндiрiспен айналысатын кәсiпорындарды емес, тек саудамен шектелетiн кәсiпорындарды қаржылай көмек көрсетіп, бiз тек елге келетiн импортты ғана қолдаймыз. Естерiңiзде болса, қаржы дағдарысы кезiнде мемлекет қабылдаған бағдарлама аясында көзделген отандық шағын және орта бизнеске бағытталған қаржының 70%-ын бiз тек осы сауда-саттықпен айналысатын кәсiпорындарға жұмсадық. Өкiнiшке қарай, бұл жағдай тағы қайталанғалы отыр. Бiз отандық өндiрушiлердi, яғни орта және iрi бизнестi қолдауды талап етемiз»,-дедi ол.
Ол субсидиялаудан бас тартпау қажет екенiн баса айтты.
«Несиелердi субсидиялаудан бас тарту арқылы бiз бағдарламаның ең тиiмдi құралынан бас тартамыз. Кез-келген кәсiпкер үшiн бұл ең тиiмдi құрал. Несие өтемақысы жоғары болған жағдайда несиеге кепiл болудың қажеттiлiгi қанша? Мұны кәсiпкерлер қолдамайды», - деді Н. Жазылбеков.
-
Сарапшы: «Қазақстан ұлт болып ұйысудың өзіндік моделін қалыптастырды» -
Қосшы қаласында «Алтын домбыра» айтысы өтті -
Елордада Париж келісімі міндеттемелерінің орындалу барысы талқыланып жатыр -
Н.Назарбаев: Туған халқымның сенімін ақтау үшін бар күш-жігерімді аянбай жұмсадым -
30 жыл: ҚР машина жасау саласы қандай жетістіктерге жетті -
Қазақстан мен әлемдегі эпидемиологиялық жағдай: «Омикрон» штамы әлемнің 20 мемлекетінен табылды -
Тұңғыш президент күні: Елбасының 10 басты шешімі -
Қазақстан сыртқы саясатының 30 жылдық белестері -
ДСМ: Omicron штамының таралуын болдырмау мақсатында қандай шектеулер енгізіледі -
ТЖМ: Газ баллондар мен газ жабдықтарын қалай пайдалану керек -
Мектеп оқушылары арасында үздік ораторлар белгілі болды -
Инвестициялық саясат: ТШИ, саладағы негізгі трендтер мен өңірлердегі инвестиция тарту мәселесі -
ІІМ: Учаскелік инспектордың рөлі, құзыреті және халықпен кері байланыс -
«Аңсаған сәби» бағдарламасына кімдер қатыса алады және іріктеу қалай жүреді -
Шетелдік интернет-компаниялардың қызметтеріне «цифрлы салық» салу қалай жүзеге асады