- Басты
- Жаңалықтар
- ОСК Парламент Мәжілісі депутаттарының кезектен тыс сайлау қорытындыларын белгіледі
ОСК Парламент Мәжілісі депутаттарының кезектен тыс сайлау қорытындыларын белгіледі
Облыстық, Астана және Алматы қалаларының аумақтық сайлау комиссиялары ұсынған деректерге сәйкес Орталық сайлау комиссиясы партиялық тізімдер бойынша сайлаудың мынадай қорытындыларын анықтады:
«Нұр Отан» партиясы - 6 183 757 дауыс немесе дауыс беруге қатысқан сайлаушылар дауысының 82,20 пайызы;
Қазақстан Коммунистік Халық партиясы – 537 123 дауыс немесе дауыс беруге қатысқан сайлаушылар дауысының 7,14 пайызы;
Қазақстанның «АҚ ЖОЛ» Демократиялық Партиясы – 540 406 дауыс немесе дауыс беруге қатысқан сайлаушылар дауысының 7,18 пайызы;
«Бірлік» Саяси Партиясы – 21 484 дауыс немесе дауыс беруге қатысқан сайлаушылар дауысының 0,29 пайызы;
Жалпыұлттық социал-демократиялық партия – 88 813 дауыс немесе дауыс беруге қатысқан сайлаушылар дауысының 1,18 пайызы;
«Ауыл» Халықтық-демократиялық патриоттық партиясы – 151 285 дауыс немесе дауыс беруге қатысқан сайлаушылар дауысының 2,01 пайызы;
Осылайша, сайлау туралы заңға сәйкес «Нұр Отан» партиясы Парламент Мәжілісі депутаттарының 84 мандатын, Қазақстанның «АҚ ЖОЛ» Демократиялық Партиясы – 7 мандатын және Қазақстан Коммунистік Халық партиясы – 7 мандатын алды.
Сондай-ақ Ортсайлауком Қазақстан халқы Ассамблеясы сайлайтын Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаттарын сайлаудың қорытындыларын белгіледі.
Қазақстан халқы Ассамблеясынан Парламент Мәжілісінің депутаттары болып: Сауытбек Абдрахманұлы Абдрахманов, Владимир Карпович Божко, Наталья Васильевна Жұмаділдаева, Роман Укенович Ким, Наринэ Гамлетовна Микаелян, Ахмет Сейдарахманович Мурадов, Шаймардан Усаинович Нурумов, Юрий Евгениевич Тимощенко, Шакир Хусаинович Хахазов сайланды.
ҚР ОСК бекіткен сайлау қорытындылары туралы ресми хабар БАҚ-та жарияланады және Ортсайлаукомның ресми интернет-ресурсында орналастырылады.
ҚР ОСК Төрағасы аталған қаулыны қабылдай отырып, Ортсайлауком елде соңғы екі ай бойы жүрген сайлау науқанын аяқтайтынын атап өтті.
«Осылайша, Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясы Қазақстан Республикасы Президентінің Парламент Мәжілісі депутаттарының кезектен тыс сайлауын ұйымдастыру және өткізу туралы Жарлығының орындалуын қамтамасыз етті» - деді Қ. Тұрғанқұлов.
-
Қосшы қаласында «Алтын домбыра» айтысы өтті -
«Аңсаған сәби» бағдарламасына кімдер қатыса алады және іріктеу қалай жүреді -
Еліміздің қай өңірлерінде сапалы ауыз суға қатысты проблема бар -
Ақтөбе және Батыс Қазақстан облыстарындағы коронавирустық инфекцияның таралуын болдырмау шаралары -
COVID: Әлемде вирус жұқтырғандар саны көбейіп, қайтыс болғандар көрсеткіші артты -
«Еңбек» мемлекеттік бағдарламасына 451 мыңнан астам адам қатысты -
Аманжол Әлтай Жолдауда көтерілген мәселелерге қатысты пікірін білдірді -
Сарапшы: Жолдауда жастарға қатысты айтылған үш мәселені атады -
Биыл «Еңбек» мемлекеттік бағдарламасына 397 мыңнан астам адам қатысты -
Тамыз айында өтетін ҰБТ-ға қатысуға өтініш қабылдау басталды -
COVID-19: Әлемде жұқтырғандар мен қайтыс болғандар саны артты -
Сайлау-2021: Бақылау комиссиясы қорытынды жасады -
Ауыл әкімдерін сайлау қалай өтіп жатыр -
Ауыл әкімін сайлау – жергілікті басқарудың реформасы -
Дін істері комитетінің төрағасы діни бостандықтың халықаралық саммитіне қатысты